Page 3 of 309

Масылдық пен негізсіз төлемдер: әлеуметтік саясатта жаңа тәсілдер ұсынылды

Қазақстанда әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарап, мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттау қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік төлемдер жүйесіндегі кемшіліктерге тоқталып, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру міндетін қойды.

Мемлекет басшысының айтуынша, өткен жылдары әлеуметтік көмекті шамадан тыс көбейту мемлекеттік басқарудағы қателіктер мен жүйелі мәселелерді бүркемелеудің бір тәсіліне айналған. Соның салдарынан бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып, кей жағдайда әлеуметтік көмекке мұқтаж емес отбасылар да түрлі жәрдемақы мен жеңілдіктерге ие болған.

Әлеуметтік көмек жүйесінде қандай кемшіліктер бар?

Президенттің пікірінше, әлеуметтік төлемдердің негізсіз көбеюі мемлекет ресурстарының тиімсіз жұмсалуына әкелген. Ал бұл уақытта мектептер мен ауруханалардың тапшылығы артып, әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері толық шешілмей қалған.

Мемлекет басшысы мұндай жағдай қоғамда масылдық көңіл-күйдің қалыптасуына ықпал еткенін атап өтті. Бұдан бөлек, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде заңсыз әрекеттер мен сыбайлас жемқорлық фактілері де болған.

Президент негізсіз жеңілдіктер мен жәрдемақылардың шамадан тыс көптігін мемлекеттік аппараттың әлсіздігімен және ұзақ мерзімді жоспарлаудағы кемшіліктермен байланыстырды.

Оның айтуынша, бюджет қаражаты есебінен азаматтардың көңілін табуға бағытталған шаралар елдің тұрақты дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан әлеуметтік саясатты қысқа мерзімді мәселелерді шешу құралы ретінде ғана қарастырмай, стратегиялық мақсаттарға бағыттау қажет.

Мемлекеттік көмек кімдерге берілуі тиіс?

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидатын нақтылады. Оның айтуынша, бюджет есебінен берілетін әлеуметтік көмек ең алдымен шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталуы керек.

Қайталап айтамын: мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс. Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі – осы, – деді Президент.

Бұл ретте әлеуметтік саясатты өзгерту барысында азаматтардың жағдайын жан-жақты ескеру маңызды. Себебі әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерге қатысты кез келген шешім халықтың тұрмыс деңгейіне тікелей әсер етуі мүмкін.

Мемлекет басшысы қоғамда бұл мәселеге қатысты түрлі пікір бар екенін де атап өтті. Азаматтар өздерін алаңдатқан мәселелерді ашық көтеріп жатқандықтан, реформаларды асығыс қабылдауға болмайды.

Әлеуметтік реформалар қалай жүзеге асырылуы керек?

Президент Үкіметке әлеуметтік қолдаудың жаңа тәсілдерін енгізу кезінде байыпты әрі жан-жақты сарапталған шешімдер қабылдауды тапсырды.

Оның пікірінше, кез келген реформа терең зерттеліп, азаматтардың әлеуметтік жағдайына ықтимал әсері алдын ала бағалануы қажет. Әсіресе жаңа әлеуметтік көмек тетіктері мен оларды басқаруға арналған ақпараттық жүйелердің жұмысы мұқият тексерілуі тиіс.

Мемлекет басшысы жаңа жобаларды бірден бүкіл ел көлемінде енгізбей, алдымен пилоттық режимде сынақтан өткізуді ұсынды. Тек тиімділігі дәлелденгеннен кейін ғана оларды кеңінен қолдануға болады.

Мұндай тәсіл реформалардың ықтимал кемшіліктерін алдын ала анықтап, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік мемлекеттің басты мақсаты – төлемге тәуелділік емес

Президент әлеуметтік мемлекеттің мәні азаматтарды жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес екенін ерекше атап өтті.

Мемлекеттің негізгі міндеті – халықтың тұрмыс сапасын арттыру, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және олардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау.

Осы тұрғыда адам капиталының сапасын арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, өскелең ұрпақтың жан-жақты қалыптасуына қолайлы орта құру маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудағы ұстанымынан әлеуметтік саясаттың басты бағыты мемлекеттік көмекті көбейту ғана емес, оны нақты мұқтаж адамдарға жеткізу және ұзақ мерзімді әлеуметтік дамуға жағдай жасау екенін аңғаруға болады.

Ал Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет – әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру кезінде бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етіп, халықтың осал топтарының мүддесін қорғау.

Ақмола облысында прокуратура органдарының 35 жылдығына орай 100 ағаш отырғызылды

Ақмола облысында прокуратура органдарының 35 жылдығына орай 100 ағаш отырғызылды
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында Ақмола облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Көкшетау қаласының жағалауында 100 ағаш отырғызды.
Акция қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шараға облыс прокуроры, прокуратура органдарының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Ақмола облысының прокуроры Құттықов Руфат Бауыржанұлы атап өткендей:
«Ағаш отырғызу – халқымыздың ежелден келе жатқан жақсы дәстүрі. Прокуратура органдарының 35 жылдығына орай «Таза Қазақстан» акциясына өз үлесімізді қосып жатырмыз.
Ата-бабамыз «Бір тал кессең, он тал ек» деп бекер айтпаған. Бүгін еккен көшеттеріміз үлкен ағаштарға айналып, ел игілігіне қызмет етсін!»
Мұндай экологиялық бастамалар елді мекендерді көгалдандыруға ғана емес, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ әрбір азаматтың қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақмола полицейлері бір айда 820-дан астам проблемалық мекенжайды тексерді

Ақмола полицейлері бір айда 820-дан астам проблемалық мекенжайды тексерді

Ақмола облысында “Қауіпсіз үй” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды. Жаппай рейдтік тексерулер 5 қазанда басталып, бір айға созылды.
Осы кезеңде полиция қызметкерлері, пробация қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық өкілдерінен тұратын арнайы мобильді топтар 825 проблемалық мекен-жайды тексерді. Құқық қорғау органдарының назарында ерекше профилактикалық назар аударуды талап ететін азаматтар тұратын жеке үйлер мен пәтерлер болды.
Рейдтер барысында полицейлер есепте тұрған 12 396 азаматпен жеке профилактикалық әңгіме өткізді. Олардың қатарында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, қадағалаудағы адамдар, отбасылық дебоширлер, соттылығы өтелмеген азаматтар, тұрмысы нашар отбасылардың өкілдері, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар бар.
Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетау, Степногорск, Ақкөл, Астрахан және Атбасар аудандарының бірқатар тұрғындарына қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату тоқтатылды.
Көші-қон заңнамасының сақталуына ерекше көңіл бөлінді. Барлығы 197 бұзушылық анықталды, оның ішінде Қазақстан аумағында заңсыз болған 111 шетелдік азамат анықталды.
Сонымен қатар, полицейлер азаматтық қаруды сақтау шарттарын тексерді. Анықталған бұзушылықтар үшін өңірдің 73 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іс-шараның маңызды бөлігі халықпен жұмыс болды. Бір айда 7 мыңнан астам азамат консультациялық және құқықтық көмек алды. Полицейлер тұрғындармен кездесулер мен жиындар өткізіп, азаматтарды полиция пункттерінде қабылдады, сондай-ақ олардың тұрғылықты жеріне барды.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: жаңа технологиялар Қазақстан статистикасын қалай өзгертуде?

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: жаңа технологиялар Қазақстан статистикасын қалай өзгертуде?
8 қарашада Қазақстанда Статистика саласы қызметкерлерінің күні атап өтіледі. 2026 жылы сала өзінің 106 жылдығын атап өтіп, дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Осы уақыт ішінде статистика қағаз есептіліктер мен қолмен есеп жүргізуден цифрлық платформаларға, жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдауға дейінгі даму жолынан өтті. Бүгінде ол елдегі экономикалық және әлеуметтік үдерістерді зерделеудің маңызды құралына айналды.

Цифрландыру және жасанды интеллект жылында Ұлттық статистика бюросы деректерді жинау мен өңдеуді жеделдетуге, статистикалық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған цифрлық технологияларды енгізуді жалғастыруда.

Негізгі нәтижелер қатарында «Е-Статистика» жүйесін жаңғырту, Респондент кабинетін жаңарту, «Ұлттық анықтамалық ақпарат» цифрлық сервисін құру, сондай-ақ AI Taldau интеллектуалды көмекшісімен толықтырылған «Талдау» платформасының жаңа нұсқасын іске қосу бар. Сонымен қатар үлкен деректерді пайдалану аясы кеңейіп келеді. Бүгінде бастапқы статистикалық деректердің 97%-ы электрондық форматта түседі, ал кәсіпорындар мен ұйымдарға түсетін есептілік жүктемесі 30%-ға қысқарды.

Негізгі жобалардың бірі – «Е-Статистика» интеграцияланған жүйесін жаңғырту. Ол статистикалық жұмыстың барлық кезеңін – жоспарлау мен ақпарат жинаудан бастап, оны өңдеуге дейінгі процестерді біріктіреді. Жұмыс процестері автоматтандырылып, бірыңғай күнтізбе бойынша жүзеге асырылады. Бұл қолмен орындалатын операцияларды азайтуға, қателер ықтималдығын төмендетуге және нәтижелерді алу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар статистикалық есептілікті тапсыру рәсімі де жеңілдетілді. Жаңартылған Респондент кабинеті пайдаланушылар үшін бұрынғыдан қарағанда қолайлы бола түсті. Кәсіпорындар мен ұйымдар статистикалық нысандарды жылдам толтырып, жолдай алады. Көптеген операция енді бірнеше рет басу арқылы орындалады.

Мемлекеттік органдар арасындағы деректер алмасуды дамыту мақсатында Бюро «Ұлттық анықтамалық ақпарат» цифрлық сервисін әзірледі. Ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бірыңғай анықтамалықтар мен жіктеуіштерді пайдалануды қамтамасыз етеді. Соның арқасында мемлекеттік органдар өзара салыстыруға келетін мәліметтермен алмасып, бұрыннан бар ақпаратты қайта жинамай-ақ пайдалана алады.

Бүгінде ресми статистиканы қалыптастыру кезінде 36 әкімшілік және 4 баламалы дереккөздің мәліметтері пайдаланылады. Бұл қажетті ақпаратты қолданыстағы ақпараттық жүйелерден алуға және қосымша есептілікке деген қажеттілікті азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялар статистикалық ақпарат алу тәсілдерін де өзгертуде. Күнделікті сауда-саттық пен сапарлар барысында қалыптасатын деректер экономикалық және әлеуметтік үдерістерді зерттеудің қосымша көзіне айналып отыр. Олар дәстүрлі статистикалық байқауларды толықтырып, болып жатқан өзгерістердің неғұрлым толық көрінісін алуға мүмкіндік береді.

Соның бір мысалы – тұтыну бағалары индексін есептеу кезінде фискалдық чектердің деректерін пайдалану. Фискалдық деректердің жалпы көлемі 290 тауар тобы бойынша 8,3 млрд жазбаны құрайды. Жүйе 36,9 млн баға жазбасын өңдейді. Оның ішінде тұтыну бағалары индексін есептеу үшін 14,8 мың сауда нүктесінен алынған шамамен 2 млн баға пайдаланылады. 2026 жылғы қаңтардан бастап фискалдық чектердің деректері 120 тауардың бағасын есептеу кезінде қолданылады. Жасанды интеллект тауарларды автоматты түрде жіктеуге және үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеуді жеделдетуге көмектеседі.

Туризм статистикасында мобильді позициялау технологиялары арқылы алынған иесіздендірілген деректер пайдаланылады. Олар туристік ағындарды бағалауға, танымал бағыттарды, саяхатшылардың болу ұзақтығын және туристік белсенділіктің маусымдық өзгерістерін анықтауға көмектеседі. Бұл дәстүрлі байқау әдістерін толықтырып, еліміздің өңірлеріндегі туристік белсенділікті дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты жинау мен өңдеу тәсілдерін жетілдірумен қатар, Бюро оны пайдаланушыларға арналған сервистерді де дамытып келеді. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жаңа нұсқасын іске қосу. Енді бір платформаның көмегімен статистикалық көрсеткіштерді іздеуге, өңірлер мен кезеңдер бойынша деректерді салыстыруға, графиктер мен карталар құруға, талдамалық панельдер әзірлеуге және ақпаратты әртүрлі форматта жүктеп алуға болады.

Басты жаңашылдық – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін AI Taldau интеллектуалды көмекшісі. Қажетті ақпаратты іздеу үшін пайдаланушыға сұрағын қарапайым тілде жазу жеткілікті. AI Taldau деректерді табуға, оларды кестелер мен графиктер түрінде ұсынуға, көрсеткіштерді салыстыруға және талдамалық материалдар дайындауға көмектеседі. Сонымен бірге пайдаланушылар ақпарат көздерін тексеріп, есептеу әдіснамасымен таныса алады.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев атап өткендей: «Цифрлық трансформация дәуірінде статистикалық өндірістің философиясы да өзгеруде. Жасанды интеллект технологияларын енгізу мен процестерді автоматтандыру, сондай-ақ деректердің жаңа көздерін пайдалану ведомствоға респонденттермен өзара іс-қимылды оңтайландыруға, олардың жүктемесін барынша азайтуға, сонымен қатар пайдаланушыларды ресми статистикалық ақпаратпен жедел әрі жоғары сенімділік деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

Статистиканы цифрландыру Қазақстанда деректер экономикасын қалыптастырудың ауқымды процесінің бір бөлігі болып табылады. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – деректер айналымын, IT өнімдерін әзірлеуді және ақпарат алмасу платформаларының жұмысын заңнамалық тұрғыдан реттейтін Цифрлық кодекстің қабылдануы. Осы бағытты дамыту және тәжірибе алмасу аясында Бюро 2024 жылдан бастап Қытай Ұлттық статистика бюросымен және Шанхай деректер биржасымен белсенді ынтымақтастық орнатып келеді.

Жасанды интеллект Бюроның басқа да сервистерінде қолданылады. AI Stat интерактивті көмекшісі ресми сайттан ақпарат іздеуді жеңілдетеді. Статистикалық бизнес-тіркелім деректері негізінде әзірленген талдамалық чат-бот Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен жеке кәсіпкерлер туралы мәліметтерді диалог форматында алуға мүмкіндік береді. Ал 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағы кезінде Sanaq Myrza чат-боты қатысушылардың сұрақтарына жауап беруге көмектесті.

Келесі кезең – жасанды интеллектіні тікелей статистикалық жұмыста кеңінен қолдану. Басым бағыттардың қатарында қателер мен ауытқуларды автоматты түрде анықтау, деректерді тексеру және жіктеу, сондай-ақ талдамалық материалдар дайындау бар. Бұл мамандарға күнделікті қайталанатын жұмыстарға аз уақыт жұмсап, нәтижелерді талдауға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Цифрлық трансформация құралдарды ғана емес, статистикамен жұмыс істеу тәсілін де өзгертуде. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – бизнес үшін есептілік жүктемесін азайтып, мемлекет пен қоғам үшін сапалы, өзекті әрі қолжетімді деректер көлемін арттыру.

https://stat.gov.kz/news/tsifrlandyru-zh-ne-zhasandy-intellekt-zhyly-zha-a-tekhnologiyalar-aza-stan-statistikasyn-alay-zgertu

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП — ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП — ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ

Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — қоғамның тұрақты әрі бейбіт дамуының маңызды шарттарының бірі. Заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру — «Заң мен тәртіп» қағидатының негізгі бағыттары.

Қоғамдық қауіпсіздік әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады. Айналадағы адамдарға құрметпен қарау, белгіленген ережелерді сақтау, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау және құқыққа қайшы әрекеттерге төзбеушілік таныту қауіпсіз қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алудың құқықтық негіздері 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 245-VIII «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңымен реттеледі. Аталған заң мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтардың құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы қызметінің құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Оған түсіндіру жұмыстары мен профилактикалық кездесулер өткізу, құқыққа қайшы әрекеттердің себептерін анықтау және азаматтарға қажетті көмек көрсету жатады.

Басым бағыттардың бірі — қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу, агрессивті мінез-құлық, бөтеннің мүлкін бүлдіру және төбелеске қатысу айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп қана қоймай, заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету де ерекше назар аударуды қажет етеді. Буллинг, қорқыту, зорлық-зомбылық, бопсалау және кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту мәселелері ата-аналардың, педагогтердің, мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен назарында болуы тиіс.

Цифрлық қауіпсіздік мәселесі де өзекті. Интернет-алаяқтық, кибербуллинг, қорқыту және жеке деректерді заңсыз пайдалану азаматтарға елеулі зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу және интернетте ақпарат тарату кезінде жауапкершілік таныту маңызды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әрбір азамат қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылық фактілері туралы тиісті органдарға хабарлауға және профилактикалық жұмыстарға үлес қосуға тиіс.

Өмір мен денсаулыққа қауіп төнген жағдайда 102 немесе 112 нөмірлері арқылы шұғыл қызметтерге хабарласу қажет.

Заң мен тәртіп — тек заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы өзара құрметтің, сенім мен қауіпсіздіктің негізі. Мемлекеттік органдар мен азаматтардың бірлескен жауапкершілігі арқылы ғана әр адамның құқығы қорғалатын, заң үстемдік ететін қауіпсіз қоғам қалыптастыруға болады.

Заңды сақтау — әр азаматтың өзінен басталады!

Есірткі зерханасы, жеткізудің алты арнасы және 18 есірткі салушы: “Қарасора-2026” операциясының қорытындысы

Есірткі зерханасы, жеткізудің алты арнасы және 18 есірткі салушы: “Қарасора-2026” операциясының қорытындысы

Ақмола облысында есірткі қылмысына қарсы күреске бағытталған “Қарасора-2026” жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды. Бес айдың ішінде полицейлер 135 қылмыстық есірткі қылмысының жолын кесіп, есірткі зертханасын жойып, есірткі жеткізудің алты арнасына тосқауыл қойды. Заңсыз айналымнан барлығы 331 килограмнан астам тыйым салынған заттар тәркіленді.
Жедел-профилактикалық іс-шара 1 маусым мен 30 қазан аралығында өткізілді. Негізгі назар құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілерін анықтауға, өткізу арналарының жолын кесуге, сондай-ақ есірткі зертханалары мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған.
Операция кезеңінде 135 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде есірткіні өткізудің 49 фактісі, күшті заттардың заңсыз айналымының 34 фактісі, өсірудің 10 фактісі және есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың төрт фактісі анықталды.
Операция нәтижелерінің бірі Целиноград ауданында синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын жою болды. Елорданың екі тұрғыны ұсталып, 10 килограмға жуық психотроптық зат тәркіленді.
Сонымен қатар, полицейлер есірткі контрабандасы фактісін анықтады: Астрахан ауданының тұрғыны Таиланд Корольдігінде тыйым салынған заттарды сатып алып, кейіннен кедендік шекара арқылы жөнелткен.
Жедел іс-шаралар барысында өңірге есірткіні жеткізу мен өткізудің алты арнасы жабылды. 14 килограмнан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ, есірткіні жасырын салулар арқылы таратумен айналысқан 18 адам ұсталды.
Заңсыз айналымнан барлығы 331 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 142 килограмм синтетикалық есірткі және 188 килограмнан астам каннабис тобының заттары тәркіленді. Салыстыру үшін, өткен жылы бұл көрсеткіш 117 килограмм болды.
Ұсталғандардың қатарында есірткі таратуды негізгі табыс көзіне айналдырған облыс аудандарының бірінің 36 жастағы тұрғыны бар. Ер адам тұрғылықты жері бойынша жасырын салулар ұйымдастырудан бастап, кейіннен жұбайымен және үш баласымен бірге облыс орталығына көшіп, қылмыстық әрекетін жалғастырған.
Уақыт өте келе ол қарапайым есірткі салушы рөлінен “қоймаға” ауысқан: есірткінің үлкен партияларын алып, одан әрі сату үшін ораған. Ұсталған кезде одан екі килограмнан астам синтетикалық есірткі, оның ішінде альфа-PVP және мефедрон тәркіленді.
Операция аясында жабайы қарасораны анықтау және жою жұмыстары жүргізілді. Құрамында есірткі бар өсімдіктерді жою туралы 106 ұйғарым шығарылды, тиісті шаралар қолданбағаны үшін 16 әкімшілік хаттама құрылды.
Есірткі қолданған 510 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Есірткілік мас күйінде көлік құралдарын басқарғаны үшін тағы 217 хаттама жасалды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс интернет-кеңістікте де жүргізілді. Мониторинг барысында есірткі жарнамасы бар сайттарға 440 сілтеме және тыйым салынған заттарды тарату бойынша жұмыс ұсыныстары анықталды.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ СЫР ӨҢІРІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ СЫР ӨҢІРІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды кеңінен түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулері өтті.

Алдымен Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» зиялы қауым, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуге Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мұрат Әбенов, Жанар Бимұратқызы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы және облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысты.

Келесі «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясында» энергетика саласының ардагерлері, жұмысшы мамандарымен өткен кездесуге Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мейрамбек Жұмашев, Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров және облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қатысты.

Кездесулерде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы спикерлерінің Жолдаудың басым бағыттарын кеңінен түсіндіру бағытында жасаған баяндамаларына орай қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Мұнан соң республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық инновациялық академиясында білім саласының өкілдерімен кездесті. Оған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мұрат Әбенов, Жанар Бимұратқызы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы және облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысты.

Сондай-ақ топ мүшелері Қызылорда облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылып, оған Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мейрамбек Жұмашев, Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров және облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қатысты.

Білім саласының өкілдерімен өткен басқосуда адами капиталды дамыту, білім беру сапасын арттыру, педагог мәртебесін көтеру, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды.

Ал кәсіпкерлермен кездесуде экономиканы жаңғырту, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайту және заңнамалық ортаны жетілдіру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру, өндіріс орындарын дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешу бағытында пікір алмасты.

Кездесулер барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Жолдауда белгіленген міндеттердің мәні мен маңызын түсіндіріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Өз кезегінде сала өкілдері ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өзекті мәселелерді талқылады.

Жалпы, басқосуларда білім беру, кәсіпкерлік, әлеуметтік саясат, адами капиталды дамыту және экономиканы жаңғырту бағыттарындағы басым міндеттер қамтылды.

Сондай-ақ республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі аудандарда да жалғасты. Атап айтқанда Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мұрат Әбенов, Жанар Бимұратқызы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Сырдария және Жалағаш ауданында болып, тұрғындарға Президент Жолдауының мәні мен маңызын түсіндірді.

Сонымен қатар, Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мейрамбек Жұмашев, Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров Шиелі ауданында тұрғындармен жүздесіп, Жолдаудан туындаған алдағы міндеттер мен бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

https://www.gov.kz/org/kyzylorda-sayasat/press/news/details/1324776?lang=kk

🔹Өз кезегінде Король II Абдалла Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы – al-Hussain ibn Ali орденімен марапаттады.

🔹Өз кезегінде Король II Абдалла Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы – al-Hussain ibn Ali орденімен марапаттады.

– Мен үшін Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары наградасына ие болу – зор мәртебе. Бұл орден Сіздің текті әулетіңіздің абыройын асырған тұлғаның есімімен аталады. Оның ар-ожданы, сенімі мен нанымы, туған еліне адал қызметі ұрпаққа үлгі болып келеді. Осы жоғары награданы еңбегімнің бағалануы ғана емес, ең алдымен, халықтарымыз арасындағы берік достық пен өзара құрметтің белгісі деп санаймын. Бұл Қазақстан мен Иордания арасындағы байланыстардың тығыз әрі дәйекті түрде нығайып келе жатқанын айғақтайды. Сіздің екіжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету ниетіңізді жоғары бағалаймын, – деді Мемлекет басшысы.

🔹Аl-Hussain ibn Ali орденін 1949 жылы Иордания Королі I Абдалла бен әл-Хусейн әкесі – Мекке шарифі Хусейн бен Әлидің (1853–1931 жж) құрметіне тағайындаған. Ол Хашимиттер әулетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі болған.

🔹Орденді табыстау Иордания Королі тарапынан көрсетілген айрықша құрметтің белгісі әрі жоғары деңгейдегі саяси сенімнің айғағы саналады.

🇯🇴Король ІІ Абдалла бен әл-Хусейн ықыласпен қарсы алғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстан мен Иорданияны бұрыннан келе жатқан қарым-қатынас, өзара құрмет, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту ісіндегі ортақ ұстаным байланыстыратынын жеткізді.

🇯🇴Король ІІ Абдалла бен әл-Хусейн ықыласпен қарсы алғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстан мен Иорданияны бұрыннан келе жатқан қарым-қатынас, өзара құрмет, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту ісіндегі ортақ ұстаным байланыстыратынын жеткізді.

– Өзіңіз еске салғандай, былтыр бір-біріміздің елімізге жасаған сапарларымыз екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетуге ерекше серпін берді. Біз қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі өрбітіп, сауда, инвестиция, туризм, технология және қорғаныс секілді негізгі бағыттарда ынтымақтастықты кеңейтуге ниеттіміз, – деді Иордания Королі.

🔹Король ІІ Абдалла Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді.

🔹Оның айтуынша, бұл екі елдің қауіпсіздік саласындағы өңірлік және жаһандық сын-қатерлерді шешуге бейілдігін көрсетеді.

🔹Осы орайда, Иордания Королі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес ісінде Қазақстанмен ықпалдастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.

🔹Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді

🔹Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді

🇰🇿Келіссөз аясында Мемлекет басшысы Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейннің Қазақстанға ресми сапары елдеріміз арасындағы берік достықты, өзара құрмет пен ынтымақтастықты көрсететінін атап өтті.

– Иордания – араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз. Кейінгі жылдары ықпалдастығымыз қарқын ала бастады. Біз арамызда орнаған түрлі деңгейдегі берік саяси диалогты жоғары бағалаймыз. Былтыр екіжақты қарым-қатынас үшін ерекше кезең болды, бір-бірімізге сапармен бардық. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды, сондай-ақ министрліктеріміз бен ведомстволарымыздың және іскерлік орта өкілдерінің арасында көптеген құжатқа қол қойылды. Мұның бәрі көпжақты ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілетуге септігін тигізді, – деді Президент.

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өзара мүддеге сай барлық салада қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруға баса мән беретініне тоқталды.

🔹Экономикалық ықпалдастық қазақ-иордан қарым-қатынасының негізгі қозғаушы күші болып қала береді.

🔹Сонымен қатар академиялық және ғылыми байланыстарды нығайту, өзара туристер ағынын арттыру арқылы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуеті зор.

🔹Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу тәсілдері ұқсас екеніне назар аударып, Иордания Королінің достық байланыстарды нығайтып, қос халықты жақындастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

– Сіздің көреген басшылығыңызбен Иордания парасаттылық әрі байыптылық үлгісін көрсетіп, халықаралық аренада Таяу Шығыс және одан тысқары аймақтардағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың дәйекті жақтаушысы ретінде кеңінен танылды. Осы орайда, Қазақстан Өзіңіз он жылдан аса уақыт бұрын бастаған Ақаба процесін жоғары бағалайды. Мұндай форматтағы кездесуге Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырушылардың бірі ретінде қатысу – біз үшін үлкен мәртебе. Сессия бүгінде аса өзекті саналатын жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік тақырыбына арналып отыр. Саммит Орталық Азия өңірінің ұстанымын білдіріп, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі бірлескен күш-жігерімізге тың серпін сыйлайтынына сенімдімін, – деді Президент.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑