Қоғам қайраткерлерін марапаттау рәсімі
📍Ақорда

Қоғам қайраткерлерін марапаттау рәсімі
📍Ақорда

Президент мемлекетіміздің дамуына Тәуелсіздіктің елең-алаңынан бастап белсене атсалысып келе жатқан Александр Судьинге алғыс айтты
– Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген жылдары зор құрметке ие болдыңыз. Парламент Сенатының депутаты ретінде халық мүддесін қорғадыңыз. Вице-спикер және Сенат аппаратының басшысы ретінде қазақстандық парламентаризмнің дамуына қосқан үлесіңізді айрықша атап өткім келеді. Сіздің кәсіби еңбегіңіз жоғары бағаланып, Отанға адал қызмет етудің үлгісіне айналды, – деді Мемлекет басшысы.
✔️Президент театр және кино саласында жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан белгілі режиссер Нұрқанат Жақыпбайдың төл мәдениетімізді өркендету жолындағы еңбегі зор екенін жеткізді.
– Көрерменнің көзайымы болған мазмұнды қойылымдарды сахналап, театр әлемінің нағыз майталманы ретінде танылдыңыз. Көптеген пьесалар мен фильмдерде түрлі рөлдерді шебер сомдап, халықтың ыстық ықыласына бөлендіңіз. Бүгінде жас таланттарды өнерге баулып, оларға бағыт-бағдар беріп келесіз. Руханият саласын дамытуға сіңірген еңбегіңіз үшін өзіңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев марапат иелерін құттықтап, әрқайсысының ел үшін сіңірген еңбегіне жеке-жеке тоқталды
✔️Президент ұлттық мәдениетімізді дамыту жолында көп еңбек етіп, бейнелеу өнерінде қайталанбас қолтаңбасымен ерекшеленген Бәтима Зәуірбекова отандық гобелен өнері мектебінің негізін қалап, қазақ әйелдері арасынан шыққан осы саладағы тұңғыш кәсіби маман атанғанына назар аударды.
– Шығармашылығыңыз жоғары деңгейде мойындалып, Мемлекеттік сыйлықтың иегері болдыңыз. Халқымыздың тарихын, бітім-болмысын, ою-өрнегі мен салт-дәстүрін дәріптеуге баса мән бердіңіз. Сіздің туындыларыңыз Алматы және басқа да қалалардың әйгілі ғимараттарына көрік беріп тұр. Туындыларыңыз өз елімізбен қатар шет мемлекеттерде сақталуда. Сіздің еңбектеріңізді әлемге белгілі мамандар өте жоғары бағалайды. Ұлттық өнер жолында салған дара жолыңыз жас буын азаматтары үшін тамаша үлгі-өнеге деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев саналы ғұмырын ұлт руханиятын дамытуға арнап келе жатқан көрнекті ғалым, қарымды қаламгер Тұрсын Жұртбай төл тарихымыздың ақтаңдақ тұстарын зерттеп, халықтың сана-сезімін жаңғыртуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
– Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, жан-жақты дәріптеуге зор еңбек сіңірдіңіз. Абай – ұлттың рухани темірқазығы, өскелең ұрпақтың айнымас бағдары. Шын мәнінде, ұлы ойшылды тану – қазақты тану деген сөз. Сіз Мұхтар Әуезовтің және ұлт қайраткерлерінің мол мұрасы мен өнегелі өмірі туралы құнды ғылыми еңбектер жаздыңыз. Шоқтығы биік көркем шығармаларыңыз арқылы төл әдебиетіміздің құндылығын арттыра түстіңіз, – деді Мемлекет басшысы.
t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
✔️Мемлекет басшысы Ақорда төрінде өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқан бір топ азаматқа құрмет көрсетті.
✔️Атап айтқанда, көрнекті суретші, танымал өнер қайраткері Бәтима Зәуірбековаға «Отан» ордені, көрнекті әдебиеттанушы ғалым Тұрсын Жұртбайға I дәрежелі «Барыс» ордені, мемлекет қайраткері Александр Судьинге II дәрежелі «Барыс» ордені табысталды. Белгілі актер, көрнекті театр режиссері Нұрқанат Жақыпбайға «Қазақстанның халық әртісі» атағы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Виктор Хильниченкоға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.



Кітапханалар, ең төменгі жалақы және азық-түлік қауіпсіздігі: партиялар қандай бастамалар ұсынды?
Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді. Партиялар өңірлерге сапарларын жалғастырып, тұрғындармен әлеуметтік сала, өнеркәсіп, инфрақұрылым, жұмыспен қамту, экология және аумақтарды дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сайлау науқанының күн тәртібінде жария мәлімдемелер мен оған қатысушылардың өзара сын-пікір алмасуы да ерекше орын алды.
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық штаб Шәкәрім университетінде өңір ақсақалдарымен, ғылым және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында кітапхана ісі мен кітап шығаруды дамыту, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін цифрландыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, анықтамалар жинау қажеттілігінсіз қолдау шараларын проактивті түрде тағайындау мүмкіндіктері сөз болды. Жас зерттеушілерді қолдау және ғылыми ортаны дамыту тәсілдерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сол күні Семейде партия штабы орта бизнесті дамыту және оның ел экономикасындағы рөлін арттыру мәселелері жөніндегі ұстанымын білдірді. Бұл ұсыныс «SemAZ» машина жасау зауыты мен «Қазполиграф» полиграфиялық кешенінің еңбек ұжымдарымен талқыланды. Әңгіме өнеркәсіпті дамыту, кадр даярлау, жастар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі (оның ішінде кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға алу) және түлектерді мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру мәселелері туралы болды. Кандидат, Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков өңірдің технологиялық дамуы мен жастар үшін жұмыс орындарын құру арасындағы байланыс туралы айтты.
Партия «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуенінің нәтижелері туралы да хабарлады. Жамбыл облысында төрт күн ішінде жоба командасы ауылдық елді мекендердің 930 тұрғынымен 7 кездесу өткізді. Кездесулерге партия төрағасын қоса алғанда, Құрылтай депутаттығына 13 кандидат қатысты. «Әділет» партиясының мәліметінше, 23 шілдеден бері керуеннің алты бағыты еліміздің 14 өңірін қамтып, жалпы саны 7,8 мыңнан астам адам қатысқан 58 кездесу өткізген және шамамен 7,5 мың шақырым жол жүрген. 19 тамызға дейін жоба барлық макроөңірді қамтып, 10 мыңнан астам қатысушыны жинауды жоспарлап отыр. Партияның жастар штабы «Есіктен есікке» акциясы аясында партия бағдарламасымен еліміздің 1 миллионнан астам тұрғыны танысқанын хабарлады.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Алматы облыстық филиалы Қонаев қаласындағы саябақта зейнеткерлермен және белсенділермен кездесу өткізді. Қатысушылар бүгінде 250-ге жуық адам барып жүрген жергілікті Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жеке ғимаратының жоқтығы мәселесін талқылады. Партияның хабарлауынша, кездесуде зейнеткерлердің өмір сапасына қатысты мәселелер де сөз болды.
Астанада «Байтақ» партиясының экологиялық сенбілігі өтті. 50-ге жуық волонтер мен партия өкілдері су айдындарының бірінің аумағынан 30 қаптан астам қоқыс жинады. «Табиғат – ұлттық мұра» атты дөңгелек үстелдер сериясы аясында «Іле-Балқаш» резерватында биоалуантүрлілікті сақтау, браконьерлікпен күрес және экотуризмді дамыту мәселелері талқыланды.
Партия бірнеше өңірде тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен де кездесті. Жамбыл облысының Байзақ ауданында жергілікті тұрғындармен экология мәселелері, Алматы облысындағы ЖЭО-3-те кәсіпорын ұжымымен жылу энергетикасын жаңғырту тақырыбы талқыланды. Атырауда түнгі ауысымда жұмыс істейтін теміржолшылармен кездесу өтті. Ал Астанадағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында медицина қызметкерлерімен кездесіп, еңбек жағдайынан бөлек, Арал теңізін қалпына келтіру және атом электр станциясын салу мәселелері сөз болды.
Қазақстан Халық партиясы Павлодар облысындағы «Metzer» компаниясы мен ет өнімдерін өндіретін «Рубиком» кәсіпорнының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Онда отандық өндірушілерді қолдау, жұмыс орындарын сақтау және еңбек жағдайы мәселелері талқыланды.
Қостанайда «Ауыл» партиясының «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы партия төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаевтың қатысуымен өтті. 50-ден астам адам еліміздің өңірлерінің бірлігін бейнелейтін символикалық пазл-композиция құрастырды. Павлодарда Ертіс жағасында партия кандидаттары ауыл жастарымен кездесіп, жұмыспен қамту, білім беру және жастар бастамаларын қолдау мәселелерін талқылады.
Алматыда партия төрағасы Қайрат Айтуғанов кандидаттармен бірге «BRB APK» ЖШС-нің жылыжай шаруашылығына барды. Кездесуде азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ірі қалалардың айналасында азық-түлік белдеулерін құру мәселелері талқыланды.
Дәния Еспаева бастаған «Ақ жол» партиясының республикалық штабы Екібастұзда кездесулерін бастады. «Горводоканал» және «ГорЭлектроСеть» ұжымдарымен қаланың коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Қызылорда облысында партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса кандидаттармен бірге Қармақшы ауданына барып, шағын бизнес өкілдерімен кездесті және қабылданған Салық кодексіне қатысты мәселелерді талқылады.
Партия сондай-ақ подкасттардың бірінде Respublica өкілі тарапынан айтылған сынға жауаптар топтамасын жариялады.
«Respublica» партиясы Алматы және Ақтөбе облыстарында еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өткізді. Талғардағы «Fruit Art» кәсіпорнында отандық өндірушілерді қолдау мәселесі талқыланды. Aluminium of Kazakhstan ЖШС-де білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі, сондай-ақ партияның атом саласына мамандар даярлау жөніндегі бастамасы сөз болды. Ақтөбеде партия өкілдері «РОКОС» компаниясы, «Молочные истории-А» сүт өндірісі және қой жүнін өңдейтін «KazFeltec» кәсіпорнының ұжымдарымен кездесті. Онда отандық өндірісті қолдау, кадр тапшылығы және кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Осылайша, партиялардың өңірлердегі сайлауалды жұмысы бірден бірнеше бағыт бойынша жалғасып жатыр. Кандидаттар сайлаушылармен дәстүрлі кездесулер өткізумен қатар, кәсіби ұжымдармен жұмыс істеп, қоғамдық және экологиялық іс-шаралар ұйымдастырып, шалғай елді мекендерді қамту үшін көшпелі форматтарды да пайдаланып жүр. Сонымен бірге сайлау науқаны тұрғындарды толғандырған мәселелерді талқылаумен ғана шектелмей, сайлауға қатысушылар арасындағы өзара ұстаным алмасумен де қатар жүруде.

Қауіпсіз демалыс – балалар қауіпсіздігі басты назарда
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Жас дәурен» балалардың білім беру-сауықтыру орталығында «Балалар лагерьлеріндегі қауіпсіз демалыс» акциясы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Акция барысында балаларға судағы қауіпсіздік ережелері, жол қозғалысы талаптары және қоғамдық орындардағы тәртіп нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар құқық бұзушылық жасаған жағдайда көзделген жауапкершілік туралы айтылып, өз құқықтары мен айналасындағы адамдардың құқықтарын құрметтеудің маңыздылығы талқыланды.
Мамандар балалармен қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидаларын еске түсіріп, қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарына назар аударды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
«Қауіпсіз демалыс» акциясы балалардың жазғы уақытты қызықты әрі пайдалы өткізуімен қатар, қауіпсіздік талаптарын сақтап, заң мен қоғамдық тәртіпті құрметтеуіне бағытталды.
Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Сондықтан жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.

🌿 Көкшетауда Жастар күні туған қалаға қамқорлықтан басталды
Бүгін, Жастар күніне орай 160-тан астам студент, волонтер, блогер және белсенді азамат ортақ іске бірігіп, Көкшетау қаласының тазалығына үлес қосты.
«Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында «Жаңа Жағалау» аумағында ауқымды Eco Plogging өтті. Қатысушылар дене белсенділігін қоршаған ортаға қамқорлықпен ұштастырып, аумақты тазалауға шығып, 200-ден астам қап құрғақ қоқыс жинады. 🧤♻️
Плоггинг – жай ғана тазалық жұмысы емес. Бұл – экологиялық мәдениет, салауатты өмір салты және туған қаланың болашағына деген жеке жауапкершілік.
💚 Жастар ортақ мақсат үшін біріге отырып, айналасындағы кеңістікті ғана емес, оған деген көзқарасты да өзгертеді.
Таза орта – жарқын болашақ! 🌱

Білімге ұмтылған адам әрдайым дамуға, ізденуге және дұрыс шешім қабылдауға дайын болады.
Еңбектің жаманы жоқ.
Әрбір адал еңбек қоғамның дамуына үлес қосады. Еңбекке құрметпен қарап, жауапкершілік пен адалдықты өмірлік ұстанымға айналдырайық.
Құрылтай сайлауы туралы сайлаушылар нені білуі керек?
Сайлау учаскеңіздің мекенжайын және сайлаушылар тізімінде өз деректеріңіздің бар-жоғын алдын ала тексеріп, дауыс беру тәртібімен танысыңыз.
© 2026 ЗЕРЕН
Theme by Anders Noren — Up ↑