Page 6 of 258

АРЛАН ЖАНАБАЙ ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

АРЛАН ЖАНАБАЙ ТРИАТЛОННАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Қазақстандық триатлоншы Арлан Жанабай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Арлан Жанабай Азия ойындарында алғашқы жүлдені алды🥉🇰🇿

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы қола жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыс нәтижесі:
🥇 1-орын. 🇯🇵 Такауми Ходжо – 52:56
🥈 2-орын. 🇨🇳 Чжан Сюжуй – 53:05
🥉 3-орын. 🇰🇿 Арлан Жанабай – 53:11

Арлан Жанабай үшін бұл медаль халықаралық аренадағы маңызды жетістіктердің бірі болды. 2026 жылы ол Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен Азия кубогының кезеңінде қола, ал Түркістанда өткен кезеңде күміс медаль жеңіп алған.

Бұл медаль қазақстандық триатлон үшін ерекше маңызға ие. Бұған дейін Азия ойындары тарихында отандық спортшылар аталған спорт түрінен бір ғана қола жүлде иеленген болатын. Осылайша, Арлан Жанабайдың нәтижесі Қазақстанның Азия ойындарындағы триатлоннан алған екінші жүлдесі атанып, ұлттық құраманың жүйелі дамуын көрсетті.

Бұл жетістік ұлттық құраманың жүйелі дайындығы мен еліміздегі триатлонды дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмыстың нәтижесі. Соңғы жылдары бейінді федерациямен бірлесіп спортшыларды даярлау жүйесі жетілдіріліп, халықаралық жарыс тәжірибесі кеңейтілуде. Азия чемпионаттары мен өзге де ірі халықаралық жарыстарға қатысуға ерекше мән беріліп келеді. Мұндай додаларда жинақталған тәжірибе жаттығу үдерісін жетілдіру және негізгі кешенді жарыстарға дайындық барысында ескеріледі.

Бүгінде триатлон Қазақстанның 13 өңірінде дамытылып келеді. Спорт түрінің географиясын кеңейту, федерация мен жаттықтырушылар құрамының жүйелі жұмысы, сондай-ақ спорт резервін кезең-кезеңімен даярлау ұлттық құраманың алдағы нәтижелерін арттыруға негіз қалыптастырады. Арлан Жанабайдың Азия ойындарындағы қола жүлдесі осы жүйелі жұмыстың тағы бір нәтижесі болды.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанатындағы спортшылар шеруінде Қазақстан құрамасы 15-ші болып шықты.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанатындағы спортшылар шеруінде Қазақстан құрамасы 15-ші болып шықты.

Көк туымызды Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құраманың спортшысы Сарвиноз Миркадирова алып жүрді.

«Әділетті Қауіпсіз Озық және Таза Қазақстанды құру – баршамыздың қастерлі парызымыз.

⚡️Президент:
 
«Әділетті, Қауіпсіз, Озық және Таза Қазақстанды құру – баршамыздың қастерлі парызымыз.
 
Осы жолда бәріміз белсенді жұмыс істеуіміз керек. Қасиетті Отанымызды дамытудың бұдан басқа жолы жоқ. Бәріміз адал, шыншыл және жауапты да болуымыз қажет.
 
Кейбір уақытта байқалмай айтылған сөздердің зияны басқа әрекеттерге қарағанда әлдеқайда қауіпті болады. Соны ешқашан ұмытпаңыздар.
 
Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар. Басқа Отанымыз жоқ.
 
Еліміз аман болса, сіздер де, отбасыларыңыз да бақытты болады, төрт құбыламыз түгел болмақ. Қазақстанның күшті, мықты ел болғаны ең алдымен өзімізге қажет».
 
t.me/aqorda_resmi

Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды. Өйткені бұл міндет Конституциямызда анық әрі тура жазылған.

⚡️Мемлекет басшысы:
 
«Қазақстан – шын мәнінде әлеуметтік мемлекет. Ол құр сөз емес. Мәселе әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын орасан зор қаржы көлемінде де емес. Әйтсе де бұл тақырыпты қозғауға тура келеді.
 
Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды. Өйткені бұл міндет Конституциямызда анық әрі тура жазылған.
 
Ата заңның мәтінінде «Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгiленген медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқылы» деген арнайы бап бар. Яғни мемлекет кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек береді. Бір сәт Тик-Токтан бас көтеріп, мұндай міндеттеме тағы қандай елдің Конституциясында бар екенін қарап көріңіздер.
 
Қазақстанда ғана бюджеттен төленетін медициналық көмек мемлекетіміздің әр азаматына, тек өз халқымызға ғана емес, шетелден келген әрбір қандасқа, тіпті елімізде тұруға рұқсаты бар шетелдік азаматтардың кейбір санатына да ұсынылады.
 
Басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса, сізге жай ғана аспирин бере салмайды, учаскелік дәрігер қабылдап, тексереді, диагноз қояды. Денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда жедел көмек көрсетіледі. Диабет, онкология, туберкулез және басқа да кең таралған сырқат түрлеріне ем-дом жасалады. Науқастарға дәрі-дәрмек тегін беріледі, жедел жәрдеммен, тіпті санитариялық авиациямен қамтамасыз етіледі (Жақында ауыр дертке шалдыққан бір ғалымды Италиядан алып келді)».
 
t.me/aqorda_resmi

 Біз цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту жолында нық қадам бастық.

⚡️Мемлекет басшысы:
 
«Біз цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту жолында нық қадам бастық. Табыстарымыз көзге көрініп тұр, оны күнделікті өмірде пайдаланып та жүрміз.
 
Бұған дейін атап өткенімдей, елордадағы Урбанистика орталығының тәжірибесін таратудың маңызы зор. Олар қала кеңістігін дамытуда заманауи тәсілдерді сәтті қолданып келеді.
 
Орталық елорданың бірыңғай сәулет стилін айқындайтын үлгілер мен дизайн-код әзірлеуде. Әрине, шетелдік тәжірибе де пайдаланылады.Бұл – қажет іс.
 
Барлық өңірде осы іспетті орталықтардың жұмысын уақыт оздырмай жолға қою қажет. Олар шаһарлардың біртұтас әрі үйлесімді келбетін қалыптастыруға тиіс.
 
Сонымен қатар Үкімет пен әкімдер қала және ел ішіндегі, яғни ірі немесе шағын қалалардан тысқары жолдардың сапасына баса назар аударуы керек.
 
Бұл – біздің ең осал тұсымыз, оны мойындаған жөн. Мұны ешкім шеше алмады немесе шешуге құлық танытпады. Масқара жағдай. Оны саботаж деуге болады. Заң аясында қатаң шаралар қолданамыз».
 
t.me/aqorda_resmi

«Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама сонымен қатар бұл – халқымыздың саналы таңдауы.

⚡️Президент:
 
«Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама, сонымен қатар, бұл – халқымыздың саналы таңдауы.
 
«Таза Қазақстанды» ұлт болмысына озық өзгерістер әкелген бірегей жоба деп атауға да болады.
 
Осындай маңызды жұмыстың арқасында халқымыздың бойында мүлде жаңа қасиеттер мен құндылықтар пайда бола бастады.
 
Бірақ арқаны кеңге салып, мәз болып, босаңсуға болмайды. Біз өркениетті ел боламыз десек, тек алға қарай жүруіміз керек.
 
Алдымызда тұрған биік және өзекті мақсаттар мен міндеттер аз емес, көп деп айтуға болады. Біз «Таза Қазақстан» қозғалысын жаңа сапалық деңгейге көтеруіміз керек.
 
Елімізде тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажет деп ойлаймын. Бұл – уақыт талабы».
 
t.me/aqorda_resmi

«Еліміздің әрбір азаматы бүгін де ертең де «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек.

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
 
«Еліміздің әрбір азаматы бүгін де, ертең де «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек.
 
Алайда осындай керемет өмір өзінен өзі аспаннан түспейді, бұл да – ең алдымен, әрбір азаматтың саналы көзқарасы, болмысы.
 
Солай болса ғана, халқымыз бен жалпы еліміздің халықаралық беделі жоғары болады, инвестициялық тартымдылығы күшейе береді.
 
Мен өз сөздерімде әрдайым айтып жүрмін: біз тазалық ұғымына кең ауқымда қарауымыз керек. Ойы, ниеті таза адамның әрбір әрекеті түзу болады. Тазалықты ең алдымен өзімізден бастау маңызды.
 
Мен Қазақстан жастарын, яғни сіздерді дәл сондай жүрегі таза, адал азаматтар деп есептеймін. Бұл сөздің мағынасын кең тұрғыдан алып қарасақ, тазалық ластықтың алдында ешқашан ұтылмайды, тазалық бәрін жеңеді. Бұл да – өмірдің өзі растаған мәңгі ақиқат дүние.
 
«Таза Қазақстан» жобасының мақсаты – елімізді көркейту, жұртымызды ортақ іске жұмылдыру арқылы ынтымақ-бірлігімізді күшейту.
 
Бүгінде Қазақстанның әр аймағында ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Жыл басынан бері еліміз бойынша 600-ден астам түрлі экологиялық іс-шара өтті.
 
Осы маңызды жұмысқа 7 миллион адам қатысты, 130 мыңнан астам гектар жер тазартылды. Елімізде 1,3 миллион тал егілді. Мұның бәрі аз шаруа емес, шын мәнінде көп жұмыс істеліп жатыр. Бұл – азаматтарымыздың Отанымызға деген таза ниеті, шынайы қамқорлығы және ең бастысы, еңбекқорлығы.
 
Осы орайда, нақты іске белсене атсалысқан барлық азаматқа тағы да алғыс айтамын.
 
Осындай нағыз отаншыл, патриот азаматтарды мемлекетіміз марапаттауы керек. Алдымызда келе жатқан Тәуелсіздіктің мерейлі тойында бұл құрметті міндетті орындаймын».
 
t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйледі

«Бүгін бәріміз бірге осы саябақта тал егіп, ортақ парасатты іске атсалыстық.

Бұл, шын мәнінде, қоғамымыз бен жалпы еліміз үшін аса қажетті және пайдалы жұмыс. Баршаңызға мемлекет саясатын үнемі қолдағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Мен осындай игі іске өз үлесін қосып жүрген жастарды нағыз отаншыл азамат деп санаймын. Себебі Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады.

Халқымызда «Бір тал кессең, он тал ек» деген сөз бар. Өнегелі сөз деп айтсақ, артық болмас. Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет.

Бұл – бабаларымыздың бізге қалдырған өсиеті әрі аманаты. Ал жаңа Конституциямыз бойынша осы көзқарас пен іс-шаралар азаматтық міндет болып саналады. Сондықтан біз жаппай бір ел болып бастаған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының қоғамдық және тарихи мәні айрықша.

Біз экологиялық мәдениеті жоғары ел болуымыз керек. Тағы да атап өтейін: бұл – мемлекетіміздің Конституциясында айқындалған аса маңызды міндет. «Таза Қазақстан» – жарқын болашағымыздың кепілі. Бұл – жай ғана ұран емес, бұл – шын мәнінде, еліміздің тазалығы өркениетті болашаққа апаратын даңғыл жол деген сөз.

Өркениеттілік, жасампаздық пен ілгерілеу ұғымдарының ластыққа, селқостыққа ешқандай қатысы жоқ. Бұл – өмірдің ақиқаты. Түптеп келгенде, бұл жұмыстың бәрі де өскелең ұрпақтың қамы үшін жасалып жатыр».

t.me/aqorda_resmi

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды экологиялық акция өтті

Тазалық – ортақ жауапкершілік

Ақмола облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды экологиялық акция өтті

Ақмола облысының он мыңдаған тұрғыны Дүниежүзілік тазалық күніне (World Cleanup Day) орай ұйымдастырылған ауқымды экологиялық акцияға қатысты. Игі бастамаға қала тұрғындарымен қатар ауыл азаматтары да белсенді атсалысты.

Өңірдің елді мекендерінде тұрғындар қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазалап, аулалар мен көшелерді ретке келтірді, әлеуметтік нысандардың айналасын абаттандырды. Экологиялық акция «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Ақкөл қаласында өткен тазалық жұмыстарына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қатысты. Өңір басшысы табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениеті қоғамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келе жатқанын атап өтті.

– «Таза Қазақстан» бастамасы – тек көшелерді тазалау, аумақтарды абаттандыру немесе ағаш отырғызу ғана емес. Бұл – әр адамның қоршаған ортаға, өзінің қаласы мен ауылына, туған жеріне деген жауапкершілігі. Таза Қазақстан дегеніміз – таза көшелер мен көрікті қалалар ғана емес. Ол – ойымыздың, ниетіміздің және ісіміздің тазалығы. Бүгінде атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижесін көріп отырмыз: аумақтар абаттандырылып, жаңа қоғамдық кеңістіктер бой көтеріп, қалалар мен ауылдардың көркі артып келеді, – деді Марат Ахметжанов.

Экологиялық акция аясында тазалық жұмыстарымен қатар көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Өңірдің жасыл қорын толықтыру мақсатында қарағай, шырша, терек, қайың, үйеңкі, балқарағай, емен, жабайы алма және басқа да ағаш-бұта түрлерінің бес мыңға жуық көшеті отырғызылды.

Табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстар Ақмола облысында жыл бойы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері өңірде 2,8 мың гектар аумаққа шамамен 16 миллион түп ағаш отырғызылды.

Экологиялық акцияға қатысушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоршаған ортаны таза ұстаумен ғана шектелмейді. Олар тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бүгінде тазалық пен абаттандыру – бір күндік науқан емес, елді мекендердің жайлылығы мен табиғи ортаны сақтауға бағытталған тұрақты жұмыстың бір бөлігі. Әрбір таза аула, абаттандырылған көше мен отырғызылған ағаш – туған жерге деген қамқорлықтың нақты көрінісі.

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады

Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады

✔️Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданы кешенді түрде көріктендіру мен көгалдандыру жұмыстары туралы баяндады.

✔️Шаһар басшысының айтуынша, соңғы жылдары Астанада 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды, жыл соңына дейін 170-тен астам аула мен қоғамдық орын, соның ішінде парктер, гүлзарлар мен бульварлар ретке келтіріледі.

✔️Мемлекет басшысына Есіл өзенінің бойында қоғамдық және рекреациялық кеңістіктердің бірыңғай жүйесі қалыптасып келе жатқаны туралы мәлімет берілді. Осы жұмыстар аясында қаланың түрлі бөлігіндегі парктер, серуен және спорт аумақтары тұтас жасыл белдеуге біріктіріледі.

✔️Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырыла бастаған кезден бері 2 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын баяндады. Оның аясында 3,8 миллион тонна қоқыс жиналып, 10 мыңдай қоқыс төгетін орын жойылған.

t.me/aqorda_resmi

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders NorenUp ↑