Page 66 of 260

⚠️ Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

⚠️ Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Ақпараттық кеңістікте жасанды интеллект технологияларының көмегімен дайындалған, саяси партиялар өкілдерінің бейнесі заңсыз пайдаланылған бейнематериалдардың таралуы тіркелуде.

Мұндай материалдар қоғамдық пікірге ықпал ету және ақпараттық манипуляция жасау құралдарының бірі саналады. Олар сайлау процесіне қатысушылардың беделін түсіруге, қоғам назарын саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары мен үгіт жұмыстарының мазмұнынан басқа арнаға бұруға, сондай-ақ дауыс беру қарсаңында қоғамдық маңызы бар ақпарат туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыруға бағытталуы мүмкін.

Осыған байланысты саяси партиялардың атынан жарияланатын кез келген мәлімдеме, үндеу, бейнематериал мен өзге де ақпараттық жарияланымдар тек тиісті саяси партиялардың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған немесе жарияланған ақпараттың дұрыстығына жауапты тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған жағдайда ғана сенімді ақпарат көзі ретінде қарастырылуы тиіс екеніне назар аударамыз.

🔈 Азаматтарды ақпараттық қырағылық танытуға, таратылып жатқан контентке сыни көзқараспен қарауға және оның шынайылығы расталғанға дейін одан әрі таратудан бас тартуға шақырамыз. Егер материалдан жасанды интеллект арқылы генерациялау, монтаждау немесе нақты айтылған мәлімдемелерді бұрмалау белгілері байқалса, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріп, жалған ақпарттың таралуына жол бермеу ұсынылады.
t.me/JAQortcomkz

Бақытжан Бұқарбай: Құрылтай атауы бізге жат ұғым емес

Бақытжан Бұқарбай: Құрылтай атауы бізге жат ұғым емес

Бұл туралы саяси сарапшы Бақытжан Бұқарбай Ұлттық теледебат аясында ұйымдастырылған Sky студияда берген сұхбатында айтты.

«Құрылтай атауы бізге жат ұғым емес. Тарихымызға үңілсек, Құрылтай көне түркілер, Алтын Орда, қазақ хандығы кезінде маңызды мәселелерді талқылайтын орган болған. Дала демократиясының бір көрінісі деп айтуға болады. Біздің бұл атауды Парламент атауына беріп, заңда бекіткеніміз дәстүрмен сабақтастық, құрмет дер едім», – дейді ол.

Бақытжан Бұқарбай: Пропорционалды жүйе арқылы партиялардың жауапкершілігі артады

Бақытжан Бұқарбай: Пропорционалды жүйе арқылы партиялардың жауапкершілігі артады

Бұл туралы саяси сарапшы Бақытжан Бұқарбай Ұлттық теледебат аясында ұйымдастырылған Sky студияда берген сұхбатында айтты.

«Мұндағы басты ерекшелік – партиялар арасында жауапкершілік артады. Қазірдің өзінде партиялар өзара бағдарламаларын салыстырып, мәлімдемелеріне мән беріп, аудит жасап жатыр. Құрылтайға өткен жағдайда өзара бәсеке артады. Бұл – саяси модельдің ең басты ерекшелігі», – дейді ол.

«Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат басталды

«Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат басталды

Алматы медиа орталығының Sky студиясында сарапшылар партиялардың сайлауалды платформаларын талқылайды.

Sky студияның қонақтары – Бақытжан Бұқарбай мен Жеңісбек Төлен.

Ұлттық теледебатты «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар https://www.youtube.com/@QazaqstanTV

«Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін ұлттық теледебатқа 7 саяси партияның өкілдері қатысады.

«Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде өтетін ұлттық теледебатқа 7 саяси партияның өкілдері қатысады.

Пікірсайыс барысында партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, ел дамуының басым бағыттары бойынша партиялық ұстанымдарын ортаға салады.

Теледебатқа қатысушылар:

  • Ренат Бектұров – «Әділет» партиясы;
  • Тазабек Сәмбетбай – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
  • Нұргүл Қадырбаева – «Байтақ» партиясы;
  • Ислам Сұңқар – Қазақстан Халық партиясы;
  • Серік Егізбаев – «Ауыл» партиясы;
  • Олжас Нұралдинов – «Ақ жол» партиясы;
  • Екатерина Смолякова – «Respublica» партиясы.

«Жаңа ғана Ресей Президенті Қазақстанға және барша спортшыларға арнайы құттықтауын жолдады

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
 
«Жаңа ғана Ресей Президенті Қазақстанға және барша спортшыларға арнайы құттықтауын жолдады. Ыстық ықыласы үшін Ресей көшбасшысы – Владимир Владимирович Путинге зор ризашылығымды білдіремін.
 
Бүгінгі салтанатты рәсімге Тәжікстан Президенті Эмомали Шарипович Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Нургожоевич Жапаров қатысып отыр. Бауырлас елдердің басшыларына және ресми делегация жетекшілеріне алғыс айтамын.
 
Баршаңызға мәлім, «Болашақ ойындары» – Ресейдің бастамасымен жүзеге асқан жоба. Бұл жобаның сәтті іске асуы Президент Владимир Путиннің арқасы деуге толық негіз бар. Аз уақыт ішінде бұл жарыс жаһандық деңгейдегі сайысқа айналды.
 
Бірінші дода Қазан қаласында өтіп, содан кейін Абу-Дабиде жалғасын тапты».
 
t.me/aqorda_resmi

«Ең алдымен шын жүрегіммен бәріңізге елордамыз – Астанаға қош келдіңіздер деймін!

⚡️Мемлекет басшысы:

«Ең алдымен, шын жүрегіммен бәріңізге елордамыз – Астанаға қош келдіңіздер деймін!
 
Бүгін біз «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық сайысын бастаймыз. Бұл – елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтатын мағынасы айрықша тарихи іс-шара.
 
Дүбірлі дода биыл Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Біз үшін бұл – зор мәртебе».
 
t.me/aqorda_resmi

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑