Page 84 of 260

Шағын көлемді су көлігі иелеріне судағы қауіпсіздік ережелері еске салынды

Шағын көлемді су көлігі иелеріне судағы қауіпсіздік ережелері еске салынды

Биылғы шілде айының басынан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі шағын көлемді су көліктерін қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруда. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы, майор Асқар Құлбаев мәлімдеді.

Аталған өзгерістерге Қазақстан Республикасының Президенті 2026 жылғы 11 маусымда қол қойған заң негіз болды. Түзетулер «Ішкі су көлігі туралы» заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге енгізілді.

Жаңашылдықтардың негізгі мақсаты – су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту, төтенше жағдайлардың алдын алу және жазатайым оқиғалардың санын азайту.

«1 шілдеден бастап Төтенше жағдайлар министрлігі шағын көлемді су көліктерін қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Сонымен қатар олардың техникалық жай-күйін тексеріп, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды», – деді Асқар Құлбаев.

Брифинг барысында өңір тұрғындарына шағын көлемді су көліктерін пайдалану кезінде сақталуы тиіс негізгі талаптар түсіндірілді.

Атап айтқанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген су көлігін басқаруға, өздігінен жүретін шағын көлемді су көлігін басқару құқығын растайтын куәліксіз суға шығуға және мас күйінде кеме басқаруға тыйым салынады.

Сондай-ақ белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыруға, моторлы немесе желкенді кемелермен шомылу және жаппай демалыс аймақтарына кіруге, 14 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз тасымалдауға, сондай-ақ көріну мүмкіндігі шектеулі кезде немесе түнгі уақытта навигациялық шамдарсыз суға шығуға болмайды.

Жеке құтқару құралдарын пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды. Шағын көлемді су көлігінде немесе сүйретілетін жүзу құралында отырған барлық азаматтар өз өлшеміне сәйкес келетін құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етіліп, оларды су үстінде болған уақытта міндетті түрде киіп жүруі тиіс.

Сонымен қатар кеме жүргізушісі жолаушыларды отырғызар алдында қауіпсіздік бойынша нұсқама өткізіп, отырғызу, түсіру және жүзу барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті шағын көлемді су көлігі иелеріне түнгі уақытта, қатты жел, толқын, тұман кезінде немесе дауылды ескерту жарияланған жағдайда суға шықпауға кеңес береді.

Құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын заңнама талаптарын сақтауға, құтқару құралдарын пайдалануға және судағы жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Көкшетауда ауқымды ведомствоаралық профилактикалық акция өтті

Көкшетауда ауқымды ведомствоаралық профилактикалық акция өтті

Өткен демалыс күндері Қопа көлінің жағасында Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері төтенше жағдайлар департаментімен, прокуратурамен, жедел медициналық көмек қызметімен, Ақмола облысы полиция департаментінің жанындағы есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңестің мүшелерімен, сондай-ақ “Жастар Рухы” жастар қанаты мен “Жасыл Ел” қозғалысының еріктілерімен бірлесіп «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған «Қауіпсіздік аумағы» ауқымды ведомствоаралық акциясын өткізді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударды. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына есірткінің зияны, олардың заңсыз айналымының құқықтық салдары туралы ақпараттық жадынамалар табыс етілді, сондай-ақ есірткі заттары бар құпия орындар табылған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Полицейлер азаматтарды бейжай қарамауға және осындай фактілер туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауға шақырды.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаменті мен жедел медициналық жәрдем қызметінің өкілдері демалушыларға суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін, балаларды үнемі бақылау қажеттілігін және жазғы демалыс кезінде сақтық шараларын сақтауды еске салды.

Акцияға 50-ден астам еріктілер белсенді қатысты. Олар халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуге көмектесті, ақпараттық материалдарды таратты, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы шеңберінде жағалау аумағын тазалап, өз қауіпсіздігіне ғана емес, қоршаған ортаға да жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара Көкшетаудың 1,5 мыңға жуық тұрғыны мен қонағын, оның ішінде жастарды қамтыды. Мұндай ведомствоаралық акциялар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, есірткіге теріс көзқарасты қалыптастыруға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен еріктілердің өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етеді.

Ақмола облысында «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өткізілді

Ақмола облысында «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өткізілді

Ақмола облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен, облыс прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлының төрағалығымен «Wyndham Garden» жағажайы аумағында «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өткізілді.
Іс-шараға Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ренат Ельгизович Валишанов, Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Андрей Иванович Подгурский, жергілікті атқарушы органдардың, аудандық полиция бөлімінің өкілдері, сондай-ақ жағажайлар мен демалыс аймақтарының иелері қатысты.
Акция барысында қатысушылар мен демалушыларға судағы қауіпсіздік қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі, сондай-ақ жаппай демалыс орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету талаптары түсіндірілді.
Жағажай иелерінің қауіпсіздік талаптарын сақтауы, қажетті құтқару құралдарының болуы, құтқару қызметтерінің кезекшілігін ұйымдастыруы және азаматтарды судағы жүріс-тұрыс қағидалары туралы уақтылы хабардар ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу жазғы кезеңде жазатайым оқиғалардың алдын алуға, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Дереккөз: Ақмола облысының прокуратурасы

Табысқа жетудің төте жолы жоқ.

Табысқа жетудің төте жолы жоқ. Білімге ұмтылу, еңбекқорлық және өз ісіне жауапкершілікпен қарау – нағыз жетістікке бастайтын басты құндылықтар.

Еңбек – табысқа бастайтын жол.

Еңбек – табысқа бастайтын жол.

Адал еңбек – жетістіктің, тұрақтылықтың және жарқын болашақтың негізі. Еңбекқорлық пен жауапкершілік адамды жаңа белестерге жетелеп, қоғамның дамуына үлес қосады. Әрбір табыстың артында маңдай тер мен табанды еңбек жатыр.

Табиғат аясындағы демалыс – тек сергектік емес үлкен жауапкершілік.

🌿 Табиғат аясындағы демалыс – тек сергектік емес, үлкен жауапкершілік.

Демалғаннан кейін қоқысты жинау, от жаққанда қауіпсіздік ережелерін сақтау, ағаштар мен өсімдіктерге зиян келтірмеу – әр азаматтың мәдениеті мен табиғатқа деген құрметінің көрінісі.

Таза табиғат – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең үлкен мұрамыз.

ТазаҚазақстан #ЭкологиялықМәдениет

Табиғатты қорғау – болашаққа деген қамқорлық

Табиғатты қорғау – болашаққа деген қамқорлық.

Демалыс орындарында, көшеде және қоғамдық аумақтарда тазалықты сақтайық. Қазақстанда табиғатты ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Табиғатты бірге қорғайық!

ТазаҚазақстан

Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламалары бойынша Қазақстанда алғашқы түлектер оқуын аяқтады

Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламалары бойынша Қазақстанда алғашқы түлектер оқуын аяқтады

Бүгін Петропавл қаласында Kozybayev University мен Аризона университетінің бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша білім алған алғашқы түлектерге бірден екі диплом – қазақстандық және америкалық жоғары оқу орындарының дипломдары табысталды. Салтанатты рәсім жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болды.

Жоғары білім туралы дипломдар, сондай-ақ оқу озаттары мен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффт және Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла табыс етті.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университеті арасындағы серіктестік Қазақстандағы жоғары білімді интернационалдандырудың ең табысты үлгілерінің біріне айналды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекші шетелдік университеттерді елге тарту және отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді.

“Алғашқы шетелдік жоғары оқу орны ретінде Қазақстанда ашылған Аризона университетінің тұңғыш түлектеріне бүгін диплом табыстап жатырмыз. Бұл университет 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдап, Қазақстанда өз филиалын ашқан еді. Бүгінде бұл шешімнің толықтай өзін ақтағанын сеніммен айта аламыз. Аризона университеті Петропавлда алғаш рет микрокампус ашқан шетелдік университет қана емес. Ол академиялық сапаға, өзара сенімге және болашақ мамандарды даярлаудағы ортақ жауапкершілікке негізделген халықаралық жоғары білім берудің жаңа моделінің бастамашысына айналды», – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла екі университет арасындағы серіктестік екі елдің білім беру дәстүрлері мен академиялық әлеуетін табысты ұштастырған жарқын үлгі болғанын атап өтті.

«Төрт жыл бұрын Аризона университеті мен Kozybayev University елдерімізді жақындастыратын, тілдік кедергілерді еңсеретін және әртүрлі білім беру дәстүрлерін тоғыстыратын жобаны жүзеге асыру үшін күш біріктіру туралы шешім қабылдады. Біздің серіктестігіміздің тарихы 2022 жылы қос диплом бағдарламасының іске қосылуынан басталды. Ол кезде бағдарламаға небәрі 43 студент қабылданған болатын. Қазір бұл бағдарлама бойынша 368 студент білім алып жатыр. Ал бүгін алғашқы түлектер оқуын аяқтап жатыр. Кезінде бұл жастар қалыптасқан шеңберден шығуға батылдық пен көрегендік танытқан университетке сенім артты. Бүгінде біздің түлектеріміз жаһандық әлемде көшбасшы болуға толық дайын», – деді Суреш Гаримелла.

Қазіргі таңда бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша 1 200-ден астам студент білім алып жатыр, оның ішінде 359 студент – қос диплом бағдарламаларының білім алушылары. Университеттер 6 қос диплом бағдарламасы мен 12 халықаралық білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Сонымен қатар геномика, агротехнологиялар, су ресурстары және күкіртті полимерлеу бағыттары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.

Қос диплом бағдарламалары бойынша алғашқы түлектердің оқуын аяқтауы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан халықаралық академиялық ынтымақтастық моделінің тиімділігін айқын дәлелдейді. Бұл тәжірибе әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ақмола облысының Бурабай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өткен

Ақмола облысының Бурабай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өткен «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы табиғатты қорғаудың маңызды үлгісіне айналды.

Акция барысында еріктілер, жастар, қоғам белсенділері мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері бірігіп, табиғи бұлақтың көзін ашып, айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл – қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, туған жерге деген жанашырлықты арттыруға бағытталған игі іс.

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов атап өткендей, «Таза Қазақстан» – тек тазалық акциясы емес, бұл – сананы жаңғыртып, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтатын ортақ қозғалыс.

Экологиялық бастамаға қатысқан жастар да табиғатты қорғау – бүгінгі ұрпақтың басты міндеттерінің бірі екенін жеткізді. Осындай акциялар арқылы экологиялық мәдениет қалыптасып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дәстүрге айналып келеді.

2026 жылғы 23 тамызда қазақстандықтар Құрылтайдың жаңа құрамын сайлайды.

2026 жылғы 23 тамызда қазақстандықтар Құрылтайдың жаңа құрамын сайлайды. Пропорционалды сайлау жүйесі саяси партиялардың жауапкершілігін арттырып, бағдарламалық бәсекені күшейтеді.

Құрылтай #Сайлау2026 #Қазақстан #Парламент #СаясиРеформа

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑