Page 9 of 309

🇰🇿 Жасанды интеллект – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру құралы!

🇰🇿 Жасанды интеллект – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру құралы!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқару жүйесіне енгізудің маңыздылығын атап өтті.

🤖 Заманауи цифрлық шешімдер бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге, орынсыз шығындардың алдын алуға және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

📊 Жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы қаржылық үдерістерді талдау, тәуекелдерді ерте анықтау және ресурстарды тиімді жоспарлау мүмкіндіктері кеңейеді.

Мұндай технологияларды жауапкершілікпен енгізу мемлекеттік қаржыны басқару сапасын жақсартуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

🇰🇿 Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект – тиімді, ашық әрі заманауи Қазақстанды қалыптастырудың маңызды негізі!

🇰🇿 2027 жылды ауқымды құрылыс жылы деп жариялау ұсынылды!

🇰🇿 2027 жылды ауқымды құрылыс жылы деп жариялау ұсынылды!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылды жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы бастама көтерді.

🏗️ Бұл бастама елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға, құрылыс саласын дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Жолдар, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту – өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі.

📈 Құрылыс саласының дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, отандық кәсіпорындарды қолдауға және ел экономикасының тұрақты өсуіне мүмкіндік береді.

🇰🇿 Ел болашағын бірге құру – баршамызға ортақ міндет!

🇰🇿 Халықтың әл-ауқаты – мемлекеттік реформалардың басты басымдығы!

🇰🇿 Халықтың әл-ауқаты – мемлекеттік реформалардың басты басымдығы!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында кез келген реформаны жүзеге асыру барысында азаматтардың мүддесі мен әлеуметтік жағдайын ескеру қажеттігін атап өтті.

📌 Әрбір өзгеріс жан-жақты сараланып, оның қоғамға тигізетін әсері мұқият зерттелуі тиіс.

Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайту.

Ақмола облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу, теміржол вокзалдарын жаңғырту, сондай-ақ қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ақмола облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу, теміржол вокзалдарын жаңғырту, сондай-ақ қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Биыл өңірде автомобиль жолдарын жөндеу мен салуға 85 млрд теңге бөлініп, жыл басынан бері шамамен 450 шақырым жолда жұмыстар атқарылды. Соңғы екі жылда 1 700 шақырымға жуық жол салынып, жөнделді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бағдарлама аясында облыста 16 теміржол вокзалы жаңғыртылды. Олардың қатарында Көкшетау, Щучье, Атбасар, Ақкөл, Макинск, Есіл, Ерейментау және Державинск қалаларындағы вокзалдар бар.
Қысқы маусымда жолдарды күтіп ұстауға шамамен 15 мың шақырым жол қамтылған. Республикалық маңызы бар жолдарды тазалауға 315 бірлік, облыстық маңызы бар жолдарға 132 бірлік арнайы техника дайындалды. Ал аудандық және қалалық жолдарды күтіп ұстауға 800-ден астам техника жұмылдырылмақ.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік қатынасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес.

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл, ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз. Сондықтан біз адам капиталының сапасын жақсартуға және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға баса мән беріп отырмыз.

Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы стратегиялық міндеттерін айқындады.

Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы стратегиялық міндеттерін айқындады. Тәуелсіздік пен егемендікті қорғау жолында ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау кез келген реформаны сәтті іске асырудың негізгі діңгегі болып қала береді.

Болашақ ұрпаққа дамыған жаңарған мемлекет қалдыру – басты міндет.

Болашақ ұрпаққа дамыған, жаңарған мемлекет қалдыру – басты міндет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өзекті мәселелерді кейінге қалдырмай, нақты әрі батыл шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.

Негізгі мақсат – келер ұрпаққа өркениетті, озық әрі қуатты мемлекет аманат ету.

Бюджет қаражатын тиімді басқару – басты міндет.

Бюджет қаражатын тиімді басқару – басты міндет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік шығындарды оңтайландыру, жасанды интеллектіні енгізу және қазына жүйесін толық цифрландыру қажеттігін атап өтті.

Негізгі мақсат – қаржылық тәртіпті күшейтіп, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы Қазақстанда қазір бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатқанын мұндай тәжірибе ел тарихында бұрын-соңды болмағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанда қазір бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатқанын, мұндай тәжірибе ел тарихында бұрын-соңды болмағанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру аяқталды, жақын арада Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Ал келесі жылы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталады.

Үкіметтің алдында орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеу міндеті тұр.

Үкіметтің алдында орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеу міндеті тұр. Президент Тоқаевтың айтуынша, құжатта кәсіпорындарды ұзақмерзімді қаржыландыру және технологиялық жаңғырту тетіктері көрсетілуі қажет. Сонымен қатар орта бизнес өкілдерінің ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеп, өз өнімдерін өткізуіне жағдай жасау керек.

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑