Page 90 of 260

Зеренді ауданында ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі жалғасуда

Зеренді ауданында ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі жалғасуда

Зеренді ауданы прокуратурасының үйлестіруімен ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті жұмыс кеңесі өткізілді.
Іс-шараға аудан әкімдігі, полиция бөлімі, «Зеренді ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, Мемлекеттік кірістер басқармасы, ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының өкілдері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері мен ветеринариялық дәрігерлер қатысты.
Кеңес барысында тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын анықтау және оларды есепке қою жұмыстарын жандандыру мәселелері талқыланды. Осы бағыттағы бірлескен іс-қимыл тетіктері қарастырылып, ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын күшейту, мал басын толық тіркеуді қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер белгіленді.
Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, ауылдық округтерге шығу кестелері бекітіліп, бірлескен іс-шаралар жоспары келісілді.
Ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл сайлау елдің жоғары өкілді органын қалыптастырудың жаңа моделі аясында өтеді. Негізгі өзгеріс — пропорционалды сайлау жүйесіне көшу. Енді Құрылтайдың барлық 145 депутаты бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады.

Мұндай жүйе саяси партиялардың рөлін күшейтіп, оларды бағдарламалар, идеялар мен командалар арасындағы мазмұнды бәсекеге бағыттайды. Жаңа модельде партиялар өз ұсыныстары мен елдің одан әрі дамуы үшін ұжымдық жауапкершілік алады.

Құрылтай #Қазақстан #Сайлау #Парламент #СаясиРеформа #Партиялар #ПропорционалдыЖүйе

Жаңа Конституция Қазақстандағы ауқымды өзгерістердің маңызды кезеңіне айналды.

Жаңа Конституция Қазақстандағы ауқымды өзгерістердің маңызды кезеңіне айналды.

Негізгі Заңда мемлекеттің басты құндылықтық бағдарлары бекітілді. Олардың қатарында «Әділетті Қазақстан», «Заң және Тәртіп» қағидаттары, азаматтардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау және ұлттық егемендікті нығайту бар.

Өңірлерді дамытуға және іскерлік белсенділікті арттыруға да ерекше назар аударылған. Осы мақсатта инвестиция тартуға және аумақтардың экономикалық әлеуетін ашуға бағытталған арнайы әкімшілік-экономикалық аймақтар құру көзделген.

Сонымен қатар, Конституция азаматтар мен бизнес үшін құқықтық кепілдіктерді күшейтеді: кәсіпкерлердің мүдделерін Конституциялық Сот арқылы қорғау бекітіліп, тиісті сот шешімінсіз тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға тыйым салынады.

Жаңа Конституцияның басты мақсаты — елдің тұрақты түрде алға жылжуын қамтамасыз ету.

Конституция #Қазақстан #ЖаңаКонституция #ӘділеттіҚазақстан #ЗаңЖәнеТәртіп #Реформалар #АзаматҚұқықтары #ӨңірлердіДамыту

« Older posts Newer posts »

© 2026 ЗЕРЕН

Theme by Anders Noren — Up ↑