Өңірдегі автожолдардағы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде?
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Ақмола облыстық филиалы өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойыншажұмыстарды жалғастыруда. Жұмыстар Ақмола облысы бойынша 2026 жылға арналған кешенді мақсатты бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама жол инфрақұрылымының сапасын арттыруға және жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Биыл өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда 20 мың шаршы метрденастам метр аумақта шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері «ҚАЖсервис» ЖШС Ақмола облыстық филиалы тарапынан 1 575 жол белгісі орнатылып және жаңартылды, сондай-ақ 84ақпараттық панно қойылды. Бұл шаралар жүргізушілердің ақпараттандырылуын арттыруға, жол бойында бағыт-бағдарды жақсартуға және жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша құралдарына ерекше назараударылуда. Қазіргі таңда облыс автожолдарында 138 стробоскоп орнатылды. Мамандардың айтуынша, стробоскоптар апат қаупі жоғары танылған учаскелерде, жол қиылыстарында және көру мүмкіндігі шектеулі жерлерде өте тиімді. Себебіолар жүргізушілердің назарын аударып, жылдамдықты дер кезінде төмендетуге ықпал етеді.
«Жолдарды күтіп ұстау және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған кешенді шараларең алдымен жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға арналған. Жол жабынын уақытылы жөндеу, жол белгілерін жаңарту және заманауитехникалық құралдарды орнату республикалық трассалардағы сапарлардықауіпсіз әрі жайлы етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады», — деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Ақмола облыстық филиалында.
Сонымен қатар, сәуір айынан бастап өңірде лазерлік қауіпсіздік жүйелері енгізілді. Олар жарық сызықтарын тікелей жолға проекциялап, жүргізушілерге жақсырақ бағдар алуға көмектеседі. Жаңа технология жол-көлік оқиғаларының санынайтарлықтай азайтады деп күтілуде. Лазерлік бағдаршамдар әсіресе түнгі уақытта және көру мүмкіндігі нашарлаған кезде тиімді. Жарық сызықтары жүргізушінің көру аймағында тікелей пайда болатындықтан, дәстүрлі жол белгілеріне қарағанда ақпаратты жылдам қабылдауға мүмкіндік береді.
Жалпы, автожолдарды күтіп ұстау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жалғасып, тұрақты бақылауда тұр.

