Кез келген маңызды мемлекеттік шешім жан-жақты дайындықты талап етеді. Сол сияқты сайлау да тек дауыс беру күнімен шектелмейді. Оның алдында кандидаттарды ұсыну мен тіркеу, сайлау комиссияларының жұмысы, сайлаушылар тізімін нақтылау, үгіт-насихат кезеңін ұйымдастыру, дауыс беру учаскелерін әзірлеу сияқты көптеген жұмыстар атқарылады. Мұның барлығы заң талаптарына сәйкес, ашықтық пен әділдік қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің саяси жүйесіндегі маңызды кезеңдердің бірі. Жаңа бір палаталы Құрылтайдың құрамы алдағы жылдары заң шығару қызметін жүзеге асырып, мемлекеттік бюджетті қарауға, қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға және халықтың мүддесін білдіруге қатысады.

Сондықтан сайлауға дайындықтың әрбір кезеңі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұйымдастыру жұмыстарының сапалы жүргізілуі азаматтардың сайлауға деген сенімін нығайтып, олардың өз таңдауын еркін жасауына мүмкіндік береді.

Елдің болашағы бір күнде қалыптаспайды. Ол әрбір саналы шешімнен, әрбір жауапты қадамнан және әр азаматтың белсенді ұстанымынан құралады. Сайлауға қатысу – тек конституциялық құқық қана емес, мемлекетіміздің болашағына деген жауапкершіліктің де көрінісі.
С.Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі