Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңындағы науқан аясында саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен екінші теледебат өтті.
Пікірталастың негізгі тақырыбы білім мен ғылым салаларын дамыту болды. Қатысушылар тікелей пікірталасқа түсіп, ең өзекті мәселелер бойынша өз партияларының ұстанымдарын таныстырды.
«Ауыл» партиясының өкілі Шахмардан Байманов «Әділет» партиясының сұрағына жауап берді.
