Цифрландыру дәуірі өз талаптарын қойып отыр. Сондықтан Қазақстан Конституциясында алғаш рет цифрлық құқықтарға қатысты нормалар бекітілді. Олар азаматтардың дербес деректерін қорғауға және виртуалды кеңістіктегі жеке өміріне қол сұқпаушылықты қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар дербес деректерді өңдеу, жою және қорғаудың нақты тәртібі заңмен айқындалады.

Егер бұрынғы Конституцияда хат алмасу және өзге де хабарламалардың құпиялылығы қорғалса, енді Негізгі заңға сәйкес цифрлық коммуникациялардың құпиялылығына кепілдік беріледі. Яғни мессенджерлердегі хаттар мен электрондық пошта арқылы жіберілген хабарламалар да қорғалады.