Мен бүгін конституцияның 46-шы бабына сәйкес бірінші шақырылымдағы құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойдым. Алқалы жиын 28 тамыз күні болады. Оған дейін құрылтайға өткен партиялар депутаттардың тізімін әзірлеуге тиіс. Жалпы, құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Партиялар ұсынған тізімге тәжірибесі мол түрлі мамандық иелерімен қатар, саясатқа жаңадан келген азаматтар да енді. Олардың қатарында қабілетті жастар, солардың ішінде президенттің кадрлық резервінің мүшелері бар. Жаңа буын өкілдері саяси науқанды жандандыра түскені сөзсіз. Халыққа адал қызмет еткісі келетін, жауапкершіліктен тайсалмайтын, жаңашыл адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілді. Түптеп келгенде, бұл – қалыпты, яғни эволюциялық үдеріс.