Өздеріңізге мәлім, осыдан екі жыл бұрын менің тікелей тапсырмаммен «келешек мектептері» жобасы бастау алды. Осы жоба аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды.
Заманауи мектептердің жаңа стандарты пайда болды десек, артық болмайды.
Алайда, біз әрбір өңірде, соның ішінде мектептерге сұраныс бар аудандарда сапалы оқу орындарының құрылысын міндетті түрде жалғастырамыз.
Бұл – алдымызда тұрған мемлекеттік маңызға ие аса өзекті міндет.
Уақытты созбай жұмысқа кірісуіміз керек, келесі жылы құрылыс барысы қарқынды болуы қажет.

