Көкшетаудағы жаңа ауруханада 19 операциялық зал бар

Көкшетаудағы жаңа көпбейінді аурухана Сарыарқа шағын ауданында орналасқан. Осы жерден қаланың ең шалғай нүктелеріне жедел жәрдем 10-20 минутта жете алады. Алыс ауылдар мен көрші аудандардан жеткізілген ауыр науқастар уақыт жоғалтпай, қабылдау бөліміндегі компьютерлік томографиядан бірден өтіп, қажет болған жағдайда тікелей операциялық залға жеткізіледі. Кешенде 3 шұғыл және 16 жоспарлы операциялық зал қарастырылған.