Berlin Today сарапшылары: Қазақстанның экономикалық өсімі елеулі сипат алып келеді
Ірі неміс басылымының сарапшылары оң өзгерістерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елде жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың тиімділігімен байланыстырады.
Таяуда жарияланған мақалада сарапшылар соңғы жеті жылда Қазақстанда болып жатқан экономикалық өзгерістерді азаматтардың күнделікті өмірінен жиі байқауға болатынын жазады.
Ең көрнекі көрсеткіштердің бірі – тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысының кең ауқымы.
2019 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанда 118,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Халық саны өсіп келе жатқан және урбанизациясы жалғасып жатқан ел үшін бұл ерекше маңызға ие. Қалалардағы тұрғындар саны артып келеді, нәтижесінде пәтерлерге, жолдарға, мектептерге, балабақшалар мен медициналық мекемелерге сұраныс артуда.
Осы кезеңде республикада 761 мектеп пен 345 балабақша салынды. Денсаулық сақтау жүйесі де жоғары қарқынмен кеңеюде. Тек 2023-2025 жылдары Қазақстанда 813 медициналық нысан бой көтерді. Оның 655-і ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық көмек мекемелеріне жатады.
Бұл – қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығына әсер еткен көптеген факторлардың бірі, ол осы жылдар ішінде 2,79 жылға өсіп, 75,97 жылға жетті.
Berlin Today сарапшылары бір маңызды тұсты дәл атап өткен: Тоқаевтың Президенттігі көзқарастырдың өзгеруімен тұспа-тұс келді. Қоғам он жыл бұрынғыға қарағанда жас, сыртқы әлеммен байланысы күшейген әрі талапшыл бола түсті.
Қол жеткізілген жетістіктер Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикасының одан әрі даму үшін нақты негіз қалыптасқанын айғақтайды.

