7 жылда білім гранттарына 1,5 трлн теңге бөлінді
Қазақстан үшін адам капиталы қашанда бірінші орында. Сондықтан жастардың біліктілігі мен білімін арттыруға барынша көңіл бөлінген. Соңғы жеті жылда елімізде біршама өзгеріс болды. Жастарға деген қолдау артып, білім беру саласына миллиондаған инвестиция құйылды.
Қазір жастардың еркін білім алуына бар жағдай жасалған. Жаңа жатақханалар салынып, стипендия да өсті. Сондай-ақ елімізде 9 шетелдік университеттің филиалы ашылды. Ал қазақстандық жоғары оқу орындарының 5 филиалы шетелде бой көтерді. Бұл осы бағытта іске асып жатқан жұмыстың бір бөлігі ғана.
