🇰🇿 Оралда «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп және құндылықтар» республикалық форумы өтті

14 қазанда Батыс Қазақстан облысында мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді әйелдер мен сарапшылардың басын қосқан республикалық форум өтті.

Іс-шара қоғамдық мәдениетті дамыту, адамгершілік құндылықтарды нығайту және жауапты ұрпақ қалыптастыру мәселелерін талқылауға арналған ашық диалог алаңына айналды. Қатысушылар ұлттық дәстүрлердің, отбасылық тәрбиенің, азаматтық жауапкершілік пен әдеп мәдениетінің қазіргі қоғамдағы рөлін сөз етті.

Форумда тарихи мұраны сақтау, Конституция құндылықтарын түсіндіру, ана тілді құрметтеу, үлкенді сыйлау және білімге ұмтылу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал азамат» қағидаттарын әр азаматтың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырудың маңыздылығы атап өтілді.

🤝 Форум мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға, ел бірлігін сақтауға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Қоғамдық әдеп әрқайсымыздан — құрметтен, адалдықтан және Отан болашағына деген жауапкершіліктен басталады!🇰🇿