Құтқарушылар күні!
🚨 19 қазан – Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні
Құтқарушылар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге қатысады.
Олардың қызметі жоғары кәсіби даярлықты, жауапкершілікті, батылдық пен жедел әрекет етуді талап етеді. Әрбір шақыртудың артында күрделі жағдайларда әрекет етуге дайындық пен басты міндет – адам өмірін сақтау мақсаты тұр.
Бүгінде азаматтық қорғау органдары құтқару инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытып, заманауи технологияларды енгізіп, техникалық жарақтандыруды жаңартуда. Бұл төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Құтқарушылардың күнделікті қызметі – тәуекелге дайын болу, қызметтік борышқа адалдық таныту және адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік алу. 🇰🇿

