Лисаковскідегі жаңа зауыттың өнімі шетелге экспортталады

Қостанай облысының Лисаковск қаласында май өңдеу зауыты салынып жатыр. Құрылысқа еліміздің әр өңірінен мамандар тартылған. Олардың арасында Шымкенттен отбасымен бірге көшіп келген жұмысшылар да бар.

Кәсіпорын екі кезеңде іске қосылады. Алдымен жартылай дайын өнім шетелге экспортталады. Алдағы екі жылда майды терең өңдеп, тұтынушылық қаптамаға құятын арнайы цех ашу жоспарланған. Осыдан кейін дайын өсімдік майы Қазақстан нарығына шығарылады.

Қазір зауыт заманауи технологиялармен жабдықталып жатыр. Ал өнімді тікелей вагондарға тиеп жөнелту үшін жеке теміржол тұйығын салу көзделген.

«Қарқынды құрылыс» жобасының толық нұсқасын «QazaqstanTV» YouTube арнасынан көре аласыз: https://youtu.be/OLSGZYk4kDw

#Лисаковск #Қарқындықұрылыс #qarqyndyqurylys #БольшаяСтройка