Бір мемлекетте әртүрлі ұлт өкілдері өмір сүретін болса, олардың арасында құрмет, түсіністік пен ізгі ниет болуы аса маңызды. Қазақстанда көптеген жылдар бойы ұлттар арасындағы татулық пен бейбітшілік сақталып келеді. Түрлі этностардың адамдары жай ғана көрші емес – олар бірге жұмыс істейді, араласады, отбасын құрып, бала тәрбиелейді, қуанышы мен қиыншылығын бірге бөліседі. Бұл – нағыз үлкен отбасы, мұнда әр адам маңызды. Осындай орта елді тұрақты етеді, ал адамдарды – біртұтас қоғамға айналдырады. Егер қоғамда этносаралық келісім болса, демек, елде қақтығыстар мен зорлық-зомбылықсыз болашақ бар деген сөз.
С.Баймурзин-Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі
