Этностар арасындағы бейбітшілік өздігінен пайда болмайды. Бұл – мемлекеттің, қоғамның және әр адамның бірлескен еңбегінің жемісі. Қазақстанда халықтар достығын нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданып келеді: ассамблеялар жұмыс істейді, форумдар өтеді, әртүрлі ұлттардың мәдениеті туралы кітаптар мен телебағдарламалар шығарылады. Бірақ ресми шаралармен қатар күнделікті әрекеттер де маңызды. Егер әрқайсымыз өзге ұлт өкіліне – көршімізге, сыныптасымызға, әріптесімізге – құрметпен қарасақ, бұл – этносаралық келісімге қосқан шынайы үлесіміз болады.
Ж.Абдрахманова-Зеренді ауданының волонтеры