Басқа адамға деген құрмет өздігінен пайда болмайды – оны бала кезден үйрету керек. Қазақстан мектептерінде төзімділікке тәрбиелеуге, басқа ұлттардың мәдениетімен танысуға көп көңіл бөлінеді. Бейбітшілік сабақтары, ортақ мерекелер, байқаулар мен фестивальдар өткізіледі. Ата-аналар да үлкен рөл атқарады: егер отбасында басқа ұлт өкілдері туралы жылы сөздер айтылса, бала ашық, достыққа бейім болып өседі. Осылайша, ұлтына қарамастан барлық адам тату өмір сүретін қоғамның іргетасы қаланады.
С.Калиева-Зеренді ауданы Жастар ресурстық орталығының қызметкері
