🌿 «Таза Қазақстан» феномені: қазақстандықтардың үштен бірі ел тазалығы үшін бірікті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы бүкіл ел бойынша 6,9 млн-нан астам адамды біріктірді. Бірлескен күш-жігермен 1,1 млн. гектар аумақ тазартылды, 844 мың тонна қалдық жиналып, шығарылды, 1,3 млн астам ағаш отырғызылды.
📌 Жыл басынан бері 753 экологиялық іс-шара өткізілді, оған азаматтар, еріктілер, жастар, мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
🌱 Бастаманың маңызды бөлігі-ерте жастан экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Жасыл балабақша» жобасы аясында экологиялық бағыттағы 295 мектепке дейінгі ұйым құрылды, ал мектептерде экологиялық тәрбие бойынша 158 мыңнан астам сынып сағаты өткізілді.

