Тарих көрсеткендей, кез келген елде әлеуметтік, саяси және экономикалық тұрақтылықтың басты шарты – ішкі келісім мен халықтар арасындағы өзара түсіністік болуы шарт. Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын ұстана отырып, татулық пен келісімді басым бағыт ретінде қарастырып келеді әрі осы ба,ытта жұмысын жалғастырып келеді десем де артық айтқандық емес. Ұлтаралық келісім – этносаралық шиеленістерді болдырмай, қоғамда сенім мен өзара құрметтің орнауына жол ашады. Жастар арасында да татулық пен достық сезімі орнығып бүгінгі күні өркендеп келеді. Осы қалпымыздан танбай, достығымыз күшейе берсін деп тілеймін!
А.Гизат – «Жастар рухы» жастар қанатының мүшесі