Қазақстан – түрлі этностар бейбіт өмір сүріп жатқан ерекше мемлекет. Біз этностардың мәдени әртүрлілігін әлсіздік емес, күш пен байлықтың көрінісі ретінде қабылдаймыз. Әралуан бола тұра, бір мақсатқа жұмылу – біздің басты ерекшелігіміз. Жастар арасында да біз достық қарым-қатынасты берік ту етіп ұстанамыз. Бұл – өркениетті қоғамның белгісі деп білемін. Көп ұлтты өз құшағына біріктіре алған еліміздің достығы мен ауызбіршілігі мәңгілік болсын!
Д.Жетпісов – Зеренді ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы