Бүгінгі таңда бірлік пен ынтымақтастық – кез келген қоғамның алға дамуының басты шарты. Біз – көпұлтты, көптілді елде өмір сүріп жатқан халықпыз. Осы байлығымызды сақтау, әртүрлі этнос өкілдерінің өзара түсіністікте өмір сүруін қамтамасыз ету – ортақ міндетіміз екендігін елімізде тұратын барша азамат біледі. Ауызбіршілік болған жерде – үнемі достық пен ынтымақтастық орнайды. Ынтымақ бар жерде – татулық, бейбіт өмір орнайды. Сондықтан да біз әрқашан өзара сыйластық пен түсіністікті, қолдау мен татулықты, ауызбіршілікті жоғары қоямыз. Бұл – ұрпаққа қалдырар асыл мұраның бірі деп білемін. Әр ұжымда өзге ұлт өкілдері жұмыс жасайды, әркімнің өз дәстүрі, тілі мен мәдениеті бар. Біз барлығымыз бір тілде – сыйластық пен достық тілінде сөйлейміз. Себебі – достық пен бірлік ұғымы – біз үшін басты құндылық. Сондықтан еліміздегі өзге ұлттармен үндестігіміз жарасып, достығымыз нығая берсін!
О.Бекішев – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы
