Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің болашағына деген сенімді нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жолдауда белгіленген міндеттер Қазақстанның одан әрі дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына және әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Еліміздің барлық өңірінде заманауи инфрақұрылымның дамуы, жаңа жолдардың салынуы, мектептер мен ауруханалардың жаңғыртылуы, мәдениет және спорт нысандарының көбеюі – халық үшін үлкен қуаныш. Мұндай игі бастамалар қалаларымыз бен ауылдарымыздың көркеюіне, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуына және жас ұрпақтың жарқын болашағына берік негіз қалайды.

Жаңа өндіріс орындарының ашылуы мен цифрлық экономиканың дамуы да еліміз үшін маңызды мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл – жаңа жұмыс орындары, кәсіби өсуге қолайлы орта және жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына берілетін мүмкіндік. Білім мен еңбекті бағалайтын қоғамда әрбір азамат ел дамуына өз үлесін қоса алады.

Әйел адам ретінде еліміздегі тұрақтылықты, отбасылардың амандығын, балалардың сапалы білім алып, бақытты өмір сүруіне жасалып жатқан мүмкіндіктерді ерекше бағалаймын. Өйткені әрбір ата-ананың арманы – балаларының бейбіт елде өсіп, жақсы білім алып, болашағына сеніммен қарауы. Еліміздегі татулық пен бірлік осы арманның орындалуына негіз болады.

«Заң мен тәртіп» қағидатының қоғам өміріндегі маңызы зор. Бір-бірімізді құрметтеп, адал еңбек етіп, ортақ құндылықтарымызды бағалай білсек, еліміздің дамуы да баянды болмақ. Бірлігі жарасқан елдің болашағы әрдайым жарқын.

Қазақстанның мүмкіндіктері мол, болашағы зор. Ең бастысы – еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты бағалап, жасампаз істерге бірге атсалысу. Әрбір игі бастама, әрбір адал еңбек және әрбір азаматтың жауапкершілігі мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосады.

Еліміз дами берсін, халқымыздың тұрмысы жақсарып, әр шаңыраққа қуаныш пен береке орнасын! Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел боларына сенім мол.

Роза Ибраимова – Зеренді ауданы әжелер кеңесінің төрайымы