Алатау – жаңа мүмкіндіктерге бастайтын қала

Әрбір үлкен істің артында елдің болашағына деген сенім жатады. Ал Алатау қаласының құрылысы – сондай маңызды жобалардың бірі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Алатауды инвестиция мен кәсіпкерлікке қолайлы, жедел дамитын қала ретінде қалыптастырудың маңызын атап өтті. Бұл жерде жаңа жобалар жүзеге асып, заманауи технологиялар енгізіліп, жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Алатау – жай ғана жаңа қала емес. Бұл – тың идеяларға, батыл бастамаларға және үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын орта. Мұнда кәсіпкерлер өз жобаларын дамытып, инвесторлар сенімді жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Ол үшін әділ әрі тиімді сот жүйесі де қажет. Себебі заңға деген сенім бар жерде бизнес те дамиды, адамдар да болашаққа нық қадам басады.

Алатаудың болашағы зор деп сенемін. Бұл қала Қазақстанның экономикалық дамуына серпін беріп, халыққа жаңа мүмкіндіктер ұсынатын маңызды орталыққа айналуы мүмкін.

Алатау – ел болашағына жасалған батыл қадам және жарқын өзгерістердің бастауы!

Аягөз Жарлығап -көп балалы ана, Зеренді ауданы аналар кеңесінің мүшесі