Жасанды интеллект пен су ресурстары – ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа мүмкіндігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын заманауи технологиялармен дамыту және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше мән берілді.

Жасанды интеллектіні агросалаға енгізу егін өнімділігін арттырып, шаруалардың еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ал су үнемдеу технологиялары мен цифрлық жүйелер табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және су қорын сақтау – ортақ міндетіміз. Технологияны тиімді пайдаланып, табиғи байлығымызды ұқыпты сақтасақ, ауылдың дамуына және ел болашағына үлес қосамыз.

Суды сақтау – болашақты сақтау. Ауылды дамыту – ел ертеңіне инвестиция салу!

Гүлжаһан Дюсембекова
Зеренді ауданы Әжелер кеңесінің мүшесі