Жастар орталығының жетекшісі ретінде мен әр күн сайын түрлі ұлт өкілдерімен жұмыс істеймін және олардың ортақ мақсат жолында біріге алатынына куә боламын.

Тамырымыз әртүрлі болғанымен, жүрегіміз бір – бәріміздің Отанымыз ортақ. Достық пен өзара құрмет бізді мықты етеді, ал бірлік – болашағымыздың кепілі.

Жастардың бойында осы құндылықтарды қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз. Өйткені елдің ертеңі – татулықты сақтай білген ұрпақтың қолында.

Данияр Жетпісов- Зеренді ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы