Үкіметтің алдында орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеу міндеті тұр. Президент Тоқаевтың айтуынша, құжатта кәсіпорындарды ұзақмерзімді қаржыландыру және технологиялық жаңғырту тетіктері көрсетілуі қажет. Сонымен қатар орта бизнес өкілдерінің ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеп, өз өнімдерін өткізуіне жағдай жасау керек.