Мемлекет басшысы Қазақстанда қазір бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатқанын, мұндай тәжірибе ел тарихында бұрын-соңды болмағанын атап өтті. Президенттің айтуынша, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру аяқталды, жақын арада Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Ал келесі жылы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталады.