Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл, ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз. Сондықтан біз адам капиталының сапасын жақсартуға және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға баса мән беріп отырмыз.