🇰🇿 Халықтың әл-ауқаты – мемлекеттік реформалардың басты басымдығы!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында кез келген реформаны жүзеге асыру барысында азаматтардың мүддесі мен әлеуметтік жағдайын ескеру қажеттігін атап өтті.
📌 Әрбір өзгеріс жан-жақты сараланып, оның қоғамға тигізетін әсері мұқият зерттелуі тиіс.
Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайту.

