🇰🇿 Шағын және орта бизнесті қолдау – экономикалық дамудың маңызды бағыты!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлерге тең мүмкіндік беріп, әділ бәсекелестік ортасын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

📈 Шағын және орта бизнес – ел экономикасының маңызды тірегі. Кәсіпкерлікті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың табысын арттыруға және өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді азайту және инвестициялық белсенділікті ынталандыру маңызды міндеттердің бірі болып қала береді.