Қай жерде кездессек те, бір-бірімізге жылы сөз айтып, хал-жағдай сұрап, қажет болса, көмегімізді аямаймыз. Бұл – біздің ең үлкен байлығымыз.
Әр ұлттың өз салт-дәстүрі, өз тілі, өз мәдениеті бар. Біз соны құрметтейміз, бір-бірімізден үйренеміз. Мерекелерде бәріміз бірге бас қосып, ән айтып, би билеп, дастарханымызды бөлісеміз. Осындай ынтымақ пен сыйластықтың арқасында ауылымыз да, ауданымыз да берекелі болып отыр.
Ата-бабамыз: «Тату елдің тамағы тоқ, қабағы ашық» деген. Расында да, бірлік бар жерде береке, бейбітшілік пен қуаныш болады. Жас ұрпақ бізден осы татулықты, өзара сыйластықты көріп өссе екен деймін. Өйткені бейбіт өмірді сақтау – әрқайсымыздың парызымыз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Осындай тату өміріміз жалғаса берсін, әр шаңырақта шаттық пен ырыс мол болсын!
Қ. Албаев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
