Ақшалай қаражатты қайтару мәселесі бойынша тұтынушының құқығын қалпына келтіруге көмек көрсетілді

Ақмола облысының тұрғыны «Ақмола облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне» Kaspi-дүкен арқылы сатып алынған тауарды қайтару мәселесі бойынша жүгінді.
Тауарды қайтару рәсімі жүргізілгеннен кейін сатушы 34 500 теңге мөлшеріндегі қаражатты қайтарудан бас тартқан.
Қызметкерлердің араласуынан кейін тұтынушының бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, 34 500 теңге толық көлемде қайтарылды.
Бұл жағдай тұтынушылардың құқықтары бұзылған кезде уақтылы көмекке жүгінудің, сондай-ақ төлемді және туындаған жағдайдың мән-жайларын растайтын құжаттарды, банк аударымдарын және хат-хабарларды сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.
Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.