Биік көпір, жаңа жол: өңірлердегі құрылыс қалай жүріп жатыр?

Қазақстанның бірнеше өңірінде маңызды жол құрылысы қарқын алған.

📍 Маңғыстау облысында Түрікменстан шекарасы мен Жаңаөзенді байланыстыратын 50 шақырымдық халықаралық автожол салынуда. Жоба аяқталғанда жол жүру уақыты 7 сағаттан 2 сағатқа қысқарады. Сондай-ақ үш ел арасындағы транзиттік әлеует артады.

📍 Қатонқарағайда Қазақстандағы ең биік көпірлердің бірінің негізгі аралығы орнатылды. Жаңа көпір жергілікті тұрғындар мен туристердің қатынасын жеңілдетпек.

📍 Қостанай облысында 56,7 шақырым жол жаңартылып жатыр. Жол төсемі терең өңделіп, жаңа асфальтбетон төселеді.
Елдегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың барысы туралы «Қарқынды құрылыс» бағдарламасынан көріңіз.

Толығырақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасынан көріңіз. https://youtu.be/qWo5YEyRdVA