«25 жылға жуық жөндеу көрмеген»: Қостанай облысында тасжол жаңарып жатыр
Қостанай облысындағы жергілікті тұрғындардың айтуынша, тасжол соңғы рет 25 жылға жуық уақыт бұрын жөнделген. Содан бері жолдың жағдайы нашарлап, көлікпен қатынау қиындаған. Қазір жағдай өзгерді. Жаңарған жолдың сапасына тұрғындар дән риза. Қалаға қатынау жеңілдеп, көлік жөндеуге кететін шығын да азайған.
Жолды жаңарту аясында Зуев ауылынан Докучаев ауылына дейінгі 15 шақырымдық учаске қыркүйек айында пайдалануға берілді. Мұнда асфальт төселіп, жол белгілері мен таңбалары жаңартылды.
Сонымен қатар 419 жаңа жол белгісі орнатылады. Бұдан бөлек, метеостанциялар мен цифрлық таблолар қойылады. Бұл әсіресе қыста қар, тұман мен көктайғақ жиі болатын өңірде қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Толығырақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасынан көріңіз. https://youtu.be/qWo5YEyRdVA
#Халықтыққұрылыс #qarqyndyqurylys
#БольшаяСтройка #Қостанайоблысы #Жол
