Ақмолалық құтқарушылар эксперимент жасап, мұздың қалыңдығын тексерді

Көкшетау қаласында балалардың жұқа мұз үстіне шыққан жағдайы тіркелді. Мұздың қаншалықты қауіпті екенін көрсету үшін құтқарушылар Қылшақты өзенінде эксперимент жүргізді.

Нәтиже көп күттірмеді: небәрі 10 метр жүргеннен кейін құтқарушы мұз астына түсіп кетті.

Ата-аналарға ескерту:

  • Балаларға мұз үстіне шығудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер.
  • Олардың су айдындары маңында ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеңіздер.
  • Балалардың бос уақытын қайда және қалай өткізетінін бақылаңыздар.
  • Тіпті сырттай берік көрінген мұздың өзі қауіпті болуы мүмкін екенін ескертіңіздер.

P.S. Барлық әрекеттерді кәсіби құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындады. Экспериментті өз бетіңізше қайталамаңыздар!

@112aqmola