ҚАЗАҚСТАННЫҢ U-17 ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМАСЫ ЕУРО-2027 ІРІКТЕУ ТОБЫНДА БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі футболдан жасөспірімдер құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, өз тобында бірінші орынға ие болды.

Русланжан Раимбеков жаттықтыратын команда шешуші кездесуде Грузия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Матчтың 87-минутында Али Садырбаев маңызды гол соғып, командамызға жеңісті нәтижеге жетуге мүмкіндік берді.

Ал бұған дейін қазақстандық футболшылар Австрия құрамасын 7:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Екі ойынның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 ұпай жинап, 8:1 доп айырмасымен 14-топта көш бастады. Осылайша, жас футболшылар Еуро-2027 іріктеуінің екінші кезеңіне — А лигасына жолдама алды.

Келесі кезеңнің жеребесі желтоқсан айында өтеді.

Жас футболшыларымызды тамаша нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы ойындарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз! 🇰🇿