Біз қиын кезеңдерді бірге еңсердік, әрдайым бірліктің арқасында еңселі елге айналдық.

Бүгінгі таңда әр ұлттың өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүріп, бір-бірінің салт-дәстүрін құрметтеп келеді. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз. Достықты сақтап, келісімді күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Ұрпақ осы құндылықтарды бойына сіңірсе, еліміздің болашағы баянды боларына сенемін!

Қуанышбек Албаев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі