Біз Отан үшін еңбек етіп, қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткердік. Сол жолда халқымызды әрдайым достық пен татулық сақтап алып шықты.

Бүгінгі күнде жастарымыздың да сол құндылықтарды бағалап, бір-бірін сыйлап жүргенін көру – біз үшін үлкен қуаныш. Әр ұлттың баласы бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқанда, елдің іргесі берік болады.

Достық пен келісім – тек өткеннің тәжірибесі ғана емес, болашақтың да кепілі. Біз, аға буын, әрқашан осы құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа аманат етуге дайынбыз

Оралбек Бекішев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы