Бұл ортада әр адам өзін үлкен шаңырақтың бір мүшесіндей сезінеді. Мұнда сыйластық, мейірімділік пен бір-біріне қолдау көрсету жоғары бағаланады.
Осындай орта бізге ертеңгі күнге сеніммен қарауды үйретеді, жауапкершілік пен ашықтыққа баулиды. Біз жақсы білеміз: тек бірге болғанда ғана үлкен мақсаттарға жетуге, ғылымды, өнерді, спорт пен мәдениетті дамытуға, заманауи әрі мықты мемлекет құруға болады.
Жастар үшін үлкендердің бізге түсіністік пен сенім құндылықтарын аманаттауы ерекше маңызды. Бұл бізді сол құндылықтарды сақтап қана қоймай, одан әрі нығайтуға шабыттандырады. Біз еліміздің әрқашан сыйластыққа толы, әрбір азамат өзінің орнын тауып, талантын ашып, қоғамға қажет екенін сезінетін жер болып қала бергенін қалаймыз.
Сандуғаш Калиева – волонтер
