Бұл ұғымдар халқымыздың өмір салтына айналған десек, қателеспейміз. Елде жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп, ортақ мақсатқа бірігіп келеді. Әр халықтың мәдениеті мен дәстүрі сақталып, өз тілін дамытуға толық мүмкіндік берілген. Осындай сыйластық пен түсіністік ортақ Отанымыздың дамуына серпін береді.
Қазақ халқы ежелден-ақ бауырмалдық пен қонақжайлықты жоғары бағалаған. Бұл қасиеттер бүгінде еліміздегі ынтымақ пен татулықтың басты негізіне айналды. Бір-бірін құрметтеген ортада ғана береке болады. Халықтың бірлігі мен достығы сақталған жерде мемлекет тұрақты дамып, жарқын болашаққа қадам басады.
Сондықтан Қазақстан бүгінде бейбіт өмірдің, келісім мен өзара құрметтің шынайы мекені болып отыр.
Ж. Абдрахманова – волонтер
