Қазақстанды ерекше қылатын қасиеттің бірі – сан түрлі ұлт пен ұлыстың тату-тәтті ғұмыр кешуі. Әрбір халық өз дәстүрін сақтап, мәдениетін дамытуға мүмкіндік алып отыр. Бірақ бәрімізді біріктіретін ортақ құндылық – Отанға деген сүйіспеншілік пен болашаққа деген сенім.

Ынтымақ бар жерде – береке, жарасым бар жерде – бейбіт өмір орнығады. Қазақ халқының бауырмалдық пен қонақжайлық дәстүрі бүгінде елдегі татулықтың берік негізіне айналды.

Сондықтан да Қазақстанды ынтымақ пен жарасымның шынайы мекені деп айтуға толық негіз бар. Бұл – біздің мақтанышымыз, болашақ ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрамыз.
О. Бекішев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі