Бұл татулықтың басты сыры – халықтар арасындағы өзара сенім мен құрметте. Сенім бар жерде шынайы достық орнайды, ал достық бар жерде тұрақтылық пен береке бекемделеді.
Елімізде әрбір азаматтың мәдениеті мен дәстүрін сақтап, дамытуына толық жағдай жасалған. Осыған орай әр халық өз тамырынан ажырамай, сонымен бірге ортақ Отанымыздың өркендеуіне үлес қосып келеді. Мұндай жарасымдылық – тек Қазақстанға тән ерекше құбылыс.
Татулық пен сенім – мемлекеттің мызғымас іргетасы. Бүгінде Қазақстанды әлем елдері бейбітшілікті жоғары бағалайтын, тұрақтылықты басты мұрат еткен мемлекет ретінде таниды. Сондықтан Қазақстанды татулық пен өзара сенімнің шынайы символы деп айтуға толық негіз бар.

Бұл – біздің халқымыздың ең үлкен жетістігі әрі болашаққа қалдырар ең қымбат мұрасы.
С. Калиева – волонтер