Біздің халқымыз үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеу дәстүрін қастерлеп келеді. Әрбір адамның ар-намысына, құқығына құрметпен қарау – қоғамның басты ұстанымы. Қазақ елінде түрлі ұлттар мен ұлыстар бейбіт өмір сүріп, өзара сыйластықта тіршілік етуде. Бұл – біздің ең үлкен байлығымыз. Ел ішіндегі татулықтың арқасында Қазақстан талай қиындықтарды еңсерді. Халқымыздың бауырмалдығы – болашаққа сеніммен қарауға жол ашады. Осындай құндылықтарды сақтау – әрбір азаматтың парызы. Қазақстан – сыйластықтың салтанат құрған мекені.

Ж. Абдрахманова- волонтер