Әсіресе көпұлтты Қазақстан үшін бұл құндылықтардың мәні айрықша. Достық бар жерде сенім, өзара құрмет пен қолдау орнайды. Келісім – кез келген дау-дамайды өркениетті жолмен шешудің кепілі. Егер адамдар бір-бірін тыңдап, түсінуге тырысса, ортақ мақсатқа жету жеңілдейді.

Біздің қоғамда достық – тек жеке қарым-қатынас емес, ол – тұрақтылықтың, бейбітшіліктің және ел дамуының тірегі. Осы құндылықтардың арқасында Қазақстан бүгінде әлемге татулық пен келісімнің өнегесін көрсетіп отыр. Халықтар арасындағы бірлік елдің іргесін бекемдеп, болашаққа деген сенімді арттырады.

Қ. Албаев – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі