Волонтер бола жүріп мен түрлі ұлт өкілдерімен бірлесе жұмыс істедім. Қайырымдылық акцияларында, экологиялық шараларда немесе мәдени іс-шараларда бізді ортақ мақсат біріктіреді. Сол сәтте ұлтқа, тілге бөліну мүлде жоқ екенін байқайсың. Әркім өз үлесін қосып, бір-біріне демеу болады. Бұл – халықтар арасындағы достықтың шынайы көрінісі. Біз жастар елдің болашағы ретінде татулық пен бірлікті сақтауға міндеттіміз. Келісім бар жерде кез келген істің нәтижесі жемісті болады. Сондықтан достықты нығайту – мен үшін ерікті ретіндегі басты парыз.
Ж. Абдрахманова- волонтер
